Қарағандыда жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып кетті

17 Маусым 2021, 13:44
3056
Бөлісу:
Қарағандыда жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ВАЗ көлігін мінген жас жігіт Қарағандыдағы жолаушыларға арналған жаяу өткелден өтіп бара жатып, адамдарды қағып кетті.

Полиция деректеріне сүйенсек, жол апаты 16 маусым күні сағат 21.30 шамасында болған.

20 жастағы жігіт басқарған ВАЗ 2115 көлігі Бұқар жырау даңғылы бойынша жүріп бара жатқан. Кафелердің бірінің жанындағы реттелмейтін жол өткелінде аталған көліктің жүргізушісі 42 жастағы әйелді қағып кетті. Ол түрлі жарақат алды, - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.

Видеодан жол апаты кезінде екінші жолаушының да болғанын көруге болады. Алайда жол апаты туралы деректерде ол туралы айтылмаған.


Өзгелердің жаңалығы