Все новости за 19 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тегін бензин. WhatsApp тағы дүрлігіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. What‘sApp-та қазақстандықтар Helios жанармай құю стансасынан 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемені жаппай бөлісіп жатыр. Ол үшін сайттағы сауалнамаға жауап беру керек, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Түзеу мекемесіне жалған құжатпен кірмек болған азаматша ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда түзеу мекемесінің біріне жалған неке куәлігімен ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған азаматша ұсталды.
-
SpaceX-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының соңынан бері біз SpaceX-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы аралықта SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн кездесулер өткіздік, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
-
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентинаның Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр.
-
Қостанай зауытында небары 48 бас жылқы қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұндай мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Қостанай жылқы тұқымын дамыту бойынша жиналыста «Қазақ тұлпары» ЖШС директоры Аппаз Кемелов айтты.
-
ҚР ҰҚК Атырау облысындағы шекара мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин Атырау облысының Көптоғай ауылы тұсындағы шекаралық қоршауға қатысты туындаған мәселеге түсініктеме берді.
-
Су ресурстарын тиімді басқаруда Нидерланд елінің тәжірибесі мол – Жұмағалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында біз Нидерландыдағы бірқатар су шаруашылығы нысанын араладық. Оның ішінде Маслант тосқауылына, Харингвлит плотинасына, Браувесдам және Эстерсель бөгеттеріне бардық, деп жазды Нидерландыдағы Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев.
-
Қарулы Күштерде 12 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде ел әскерінің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
-
Түркістан облысындағы қоғамдық көлік жүргізушілеріне 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қоғамдық көліктерге қатысты бірнеше талаптар енгізген болатын.
-
Тек Қостанай жылқысы қатысқан аламан өтуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Қостанай жылқы тұқымын дамыту бойынша жиналыс өтті.
-
Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді.
-
Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
ШҚО-да браконьерлер 6 мың келіден астам балық аулаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да браконьерлер жыл басынан бері алты мың келіден астам балық аулаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне 40 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын бұзғаны үшін 40 млн теңгеден астам сомаға 200-ден аса айыппұл салынды.
-
Жануарларға адамгершілікпен қараудың маңызды принциптері бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларды қорғаушылармен бірлесіп «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірледі. Қазір құжат Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және оны биыл шілде айында қабылдау жоспарланып отыр.
-
Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырып алды
Алматы, BAQ.KZ. Танымал әнші Толқын Забирова екінші рет коронавиурс жұқтырып алғанын айтты.
-
БҒМ 800 мектептің қалай салынатыны туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 800 мектептің қалай салынатыны туралы айтты.
-
Экспорт. Қазақстан 8 мың тоннадан астам өнімді кері қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан және ЕАЭО заңнамаларында белгіленген карантиндік талаптар бұзылғаны үшін 8 мың тоннадан астам өнімді экспорттаушы елдерге кері қайтарды. Бұл туралы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитеті хабарлады.
-
Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
-
«Ashyq» қосымшасы: «Қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барғандар жазалана ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану объектілерін, тәрбие мен білім беруді санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқарамасының басшысы Марал Рахимжанова жауап берді.
-
Таразда 3 жасөспірімге белгісіз біреулер оқ атты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда кәмелетке толмаған 3 бала оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық вакцинаны әзірлеген Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында биологиялық Кремний алқабын құру әлеуеті бар. Бұл туралы зерттеу-институтының директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.
-
Пандемия аяқталған соң «Ashyq» тоқтай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация орталығында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
-
«Ashyq» жобасы облыстарға қашан қосылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 14 сәуірден бастап Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Ақмола облысының кәсіпкерлік субъектілері жобаға қосыла бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атамекен ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева айтты.
-
Алматыда құтқарушылар аллеясы бой көтереді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда құтқарушылар аллеясы бар жаңа алаң пайда болады. Жаңа бақтың құрылысы Бөгенбай батыр көшесінде Мұқанов көшесі мен Есентай өзені бойында басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы хабарлады.
-
Қазақстан елшісі Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысына сенім құжаттарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Араб мемлекеттері лигасының штаб-пәтерінде Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф ұйымның бас хатшысы Ахмед Абул Гейтке сенім құжаттарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
«Ashyq» енгізілгелі бері 560 «қызыл» статусы бар азамат анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация орталығында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
-
Елбасы Түрікменстан Президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.
-
Елордада Корей киносының онлайн фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 21-25 сәуір аралығында Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы «Корей киносының онлайн фестивалін» өткізеді.
-
Лотерея билеттерін ұрлап, бір сәтте байып кетпек болған ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Лотерея билеттерін ұрлаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алып тасталды. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді.
-
Қазақстанның сыртқы қарызы 4%-ға өсті
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы қарызы бір жылда 4%-ға өскен. Бұл туралы LS порталы жазды.
-
«Хан шатырдағы» екпе пункті қала тұрғындарын қабылдай бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцинация қарқын алып келеді. 19 сәуірдегі жағдай бойынша, жалпы ел аумағында 695 875 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған.
-
Әбдіқалықова: Қазақ өнері ауыр қайғыға ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиеваның дүниеден озуына байланысты Сыр жұртшылығы атынан отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты.
-
ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
-
Өзбекстан билігі Гүлнар Каримованың үйін саудаға шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның бұрғыңғы президентінің қызы Гүлнар Каримованың вилласы аукционға шығарылды, деп жазды Reuters.
-
Вакциналауға қарсы адамдардың ғылым мен медицинаға еш қатысы жоқ — иммунолог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіның онлайн-брифингі барысында иммунолог міндетті екпелердің қазақстандық күнтізбесі әлемдегі үздіктерінің бірі екендігін атап өтті.
-
Өрттің 42,5%-ы жалдамалы пәтерлерден шығады – ТЖД
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте өттің 42,5%-ы жалдамалы пәтерлерде болатынын айтты.
-
Елордадағы өрттің шығу себептері айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы айтып берді.
-
Тағы да жер мәселесі: Бұл жолы шу Ақтөбе облысынан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әдеп жөніндегі кеңесте Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы әкімінің орынбасары, Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Байғанин ауданы әкімі аппаратының бас маманы-заңгеріне, Қарауылкелді, Ащы, Көлтабан, Қызылбұлақ, Миялы, Жаңажол, Жарқамыс ауылдық округтерінің әкімдеріне қатысты тәртіптік іс қаралды.
-
Президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
-
Армениядан келген автомобильдерге екі рет салық салынбайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армениядан көлік әкелген және Қазақстан Республикасында есепке қойған қазақстандықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік салығын төлейді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.
-
Қытайда болсаңыздар 90 шақырым жолды 90 күнде жөндер едіңіздер - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Ол аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевпен бірге «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының құрылыс учаскелерін аралап, Шу ауданы әкімдігінде арнайы кеңес өткізді.
-
Ғылымды қолдау керек деген сөз орта жолда қалып қоймаса екен - ғалым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғылымның дамуы – мемлекет дамуын айқындайтын көрсеткіштің бірі. ҚР Білім және ғылыми министрі Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шарада пандемия кезеңінде ғылым мен білім саласының орны ерекше айқындалғанын айтты. Сондай-ақ министр тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ғылымсыз, ғалымдарсыз даму болмайтындығына тағы бір рет көз жетті деген болатын.
-
Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев дүниеден өтті. Қаралы хабарды Алматы қаласы Медеу ауданының ардагерлер кеңесі растады.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев Ахметжановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордадағы триатлон паркінен 8 млн теңгенің 66 шамы ұрланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі ай ішінде көше және саябақ жарығын ұстаумен айналысатын екі жүргізуші мен ЖШС монтері триатлон паркінен 66 шамды ұрлап кеткені анықталды.
-
Қазақстанда алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылында уақыт капсуласы салынып, «MONTERRA QASAQSTAN» ЖШС жаңа тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды.
-
Ауа райы. Күн қайта салқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамы ұсынады.
-
Алматылық әйел 20 жыл құжатсыз жүрген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 49 жастағы алматылық әйел және оның үш баласы алғаш рет Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматыда жұмыссыз адамдар арасында вирус жұқтыру артқан
Алматы, BAQ.KZ. Соңғы 14 күнде коронавирустық инфекция жұмыс істемейтін тұрғындар арасында ең көп тіркелген, яғни 35% құрап отыр. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
-
«Спутник V» вакцинасын басқа екпелермен қатар салуға бола ма?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцинаны басқа екпелермен қатар алуға бола ма деген сауалға жауап берді.
-
Марғұлан Баймұхан қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Қандай жол-көлік оқиғасында өлім-жітім көп болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Коронавирустың геномы толығымен шешілді – иммунолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ең бастысы спайк протайин дегені бар екен, сол иммунды жауапты шақыратын әрі потогендік ауру сипаттамаларын шақыратын бөлігі екені анықталды. Бұл туралы С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн брифингте айтты.
-
Ұстаз болу үшін білім жолында аш қасқырдай болуың керек – Наурызова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспе. Біріншісі - жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда» деген қанатты сөз бар. Өз саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаз, Тәуелсіздік құрдасы Гүлдария Наурызова мамандық таңдауда қателеспедім дейді. Ол қазақ тілі, орыс тілі мұғалімі тәрізді қатардағы мамандықты емес, инженер-құрылысшы мамандығын таңдаған. Қазір «Astana Polytechnic» жоғарғы колледжінде оқытушы болып жұмыс істейтін ол еңбек жолы, құрылысшы мамандығының маңыздылығы, қашықтан оқытудың қызығы мен шыжығы жайлы әңгімелеп берді.
-
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі саудалаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
3 айда жол-көлік оқиғасынан 360-тан астам адам қаза тапқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 сәуір 8 сағат 30 минутта Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабар таратты.
-
Тоқаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Коронавирус. Алматыда мыңға жуық адам ауыр халде жатыр
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 18 сәуір күні қалада коронавирустық инфекцияның 665 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды.
-
Ақмола облысы «қызылдан» шығып, «сары» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Алматыда отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерін жеке тәртіпте қарастырылатын болады.
-
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Шымбұлақ шыңында 6 адамды құтқарды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
-
Қайтарымсыз гранттар – мұқтаж азаматтарға кәсіп бастаудың ең тиімді құралы – маман
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының аясында өткен жылы 77 424 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
-
Жұқпалы індеттен 23 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 19 сәуірдегі ақпаратты жария етті.
-
Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік атынан актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Ғазиза Мəкешқызы Əбдінəбиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
-
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің бірқатар аймағында ауа температурасы төмендеп, қатты жел соғады.
-
1773 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1773 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Наверх