Тоқаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

19 Сәуір 2021, 10:45
3638
Бөлісу:
Тоқаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы