Елордада Корей киносының онлайн фестивалі өтеді

19 Сәуір 2021, 16:50
1746
Бөлісу:
Елордада Корей киносының онлайн фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 21-25 сәуір аралығында Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы «Корей киносының онлайн фестивалін» өткізеді.

Бес күнге созылатын іс-шара аясында Корей мәдени орталығының ресми сайтында корей режиссері Пон Джунхоның «Паразиттер» атты әлемге әйгілі фильмінің көрсетілімі өтеді.

Фестивальдің мақсаты - Қазақстан тұрғындарын қазіргі заманғы К-Рор музыкасы мен Корей сериалдарының арқасында Кореяны тани бастаған тұрғындарды корей кинематография саласымен таныстыру. Сондай-ақ қазіргі уақытта карантин талаптарына сәйкес демалыс күндері ОСО-лар және басқа да қоғамдық орындар жұмысы шектелген. Сол себепті пандемия кезінде отбасымен жиналып, корей фильмдері арқылы Корея мен оның мәдениетін одан әрі жақынырақ таныту да негізгі көздеген мақсаттарының бірі.

Біз індеттің беті қайтып, жағдайдың тезірек жақсарғанын қалаймыз. Осы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау кезінде Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени байланыс өткізіліп жатқан түрлі мәдени шаралар арқасында қайта күшейтіле түскенін тілейміз. Бұл мәдени алмасу екі ел халқының бір-бірін тереңірек түсінуіне ықпал етеді, - дейді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Еске сала кетейік, «Паразиттер» фильмі 2019 жылғы Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын», сондай-ақ төрт номинация бойынша 2020 жылғы «Оскар» сыйлығын және үздік жыл картинасы марапатын жеңіп алған.

Өзгелердің жаңалығы