Елордадағы өрттің шығу себептері айтылды

19 Сәуір 2021, 15:28
2437
Бөлісу:
Елордадағы өрттің шығу себептері айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары 1 052 рет құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға шықты. Аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша 138 адам құтқарылып, 190 адам қауіпсіз ортаға көшірілді және 13 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ 243 млн теңгеден астам материалдық құндылықтар құтқарылды, - деді ол.

Бірінші тоқсанда қала аумағында 231 өрт фактісі тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда өскен. Өрттер салдарынан 8 адам жарақат алып, 4 адам көз жұмды. Өрттен келген материалдық шығын 88 млн теңге.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес болған өрттің 43,7%-ы тұрғын үйлердегі өрт, екінші орында көліктегі өрт және үшінші орында шаруашылық нысандарындағы өрт.

Өрттің негізгі шығу себеп-салдарының 56,7%-ы электр желілерін монтаждау, оларды пайдалану кезінде болған өрт қауіпсіздігінің бұзушылықтары. Сонымен бірге жылыту пештерін пайдалану кезінде пайда болған өрт қауіпсіздігінің бұзушылықтары және адамдардың өртпен абайсыз болуы, - деп түсіндірді Еркін Отарғалымұлы тікелей эфирде.
Өзгелердің жаңалығы