Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі саудалаған

19 Сәуір 2021, 11:31
5320
Бөлісу:
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі саудалаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Қарағанды полицейлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Облыстық полицияның жедел-тергеу тобы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің көмегімен Қазақстанның бірнеше облысының аумағында 5 есірткі айналымын құруға қатысы бар 10-нан астам адамды ұстады. Тергеу барысында зертханаларды ұйымдастырушылар біздің елден тыс жерде Қазақстан, Ресей, ТМД-ның басқа да елдері мен алыс шетелдерде психотроптық заттарды дайындайтын және өткізетін трансұлттық ұйымдасқан топ құрғандығы анықталды, - деді Ораз.

Ол атағандай, Қазақстанда жұмыс істейтін бөлімшенің басшылығы мен үйлестіруі «Телеграмм» және «Сигнал» мессенджерлері арқылы жүзеге асырылған.

Трансұлттық ҰҚТ кураторлары психотроптық заттарды шетелден біздің елге сұйық түрде жеткізу арнасын ұйымдастырды, ол автокөлік майлары мен қосалқы бөлшектер, алкогольді ішімдіктер, тұрмыстық заттар, май радиаторлары мен өрт сөндіргіштер түрінде логистикалық фирмалар арқылы жеткізілді. Трансұлттық ұйымдасқан топтың қатысушыларынан құрғақ және сұйық түрінде алынған синтетикалық есірткілердің жалпы саны 70 келіден астам дайын зат және 3,5 тоннадан астам қосындыларды құрады, - деді ол.
Бұған дейін 3 айда жол-көлік оқиғасынан 360-тан астам адам қаза тапқаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы