Қандай жол-көлік оқиғасында өлім-жітім көп болады?

19 Сәуір 2021, 11:50
1684
Бөлісу:
Қандай жол-көлік оқиғасында өлім-жітім көп болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Қазіргі уақытта жолдардағы өлім-жітім жол-көлік оқиғаларының негізгі үш түрінің динамикасына байланысты болып отыр. Олар: жаяу жүргіншілерді қағып кету, көліктердің аударылуы және қарама-қарсы жолаққа шығып соқтығысуы. ЖКО-ның осы түрлеріндегі өлім-жітім ЖКО-да қаза болғандардың 56%-ын құрайды, - деді Түсіпов.

Ол атағандай, әрбір бесінші ЖКО елді мекенде жылдамдықтың артуына байланысты. 

Оның салдарынан 515 немесе 20% ЖКО болып, 44 адам қаза тауып, 681 адам жараланған. Әрбір алтыншы оқиға маневр жасаумен байланысты, оның салдарынан 456 ЖКО болып, 33 адам қаза тауып, 673 жараланған. Әрбір сегізінші оқиға жылдамдықты арттыруға қатысты болады, - деді ол.

Серік Түсіпов атап өткендей, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі жіті болып отыр.

Жаяу жүргіншілердің тәртіпті сақтамауы байқалады. 2020 жылы олардың тарапынан 200 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері - 66,7 мың. Алайда әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаяу жүргіншілердің тиісті қауіпсіздігі дамыған жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының болуын ғана қамтамасыз ете алады. Биыл Жол инспекциясы бөлімшелері шамамен 168 мың шақырымды қамтитын 8 мыңға жуық автожолға тексеру жүргізді. Оның ішінде елді мекендердің көше-жол желісіне 4 877 тексеру жүргізілді, оның барысында жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін автожолдарды 8 445 кемшілік анықталды, - деді ол.
Айта кетейік, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың есірткі саудалағаны анықталды.


Өзгелердің жаңалығы