Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алынып тасталды. Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды azh.kz сайты.
Оның айтуынша, бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, Қиғаш өзенінің бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталды.
13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мал су ішіп, егін суару үшін өзенге шығу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін кедергі жоқ, - деді Марат Мурзиев.