«Ashyq» енгізілгелі бері 560 «қызыл» статусы бар азамат анықталған

19 Сәуір 2021, 16:54
1458
Бөлісу:
«Ashyq» енгізілгелі бері 560 «қызыл» статусы бар азамат анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.

«Ashyq» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша бүгінге дейін мобильді қосымшаны 235 мың пайдаланушы жүктеп үлгерді. Пилоттық жобаның қатысушылары қатарында 619 кәсіпкерлік нысан мен түрлі ұйымдар бар. Яғни, фитнес клубтар, йога орталықтар, СПА-орталықтар, бассейндер, компьютерлік клубтар. Соңғы аптада 213 вирус жұқтырған науқас анықталды. Жалпы, жоба басталғалы бері 560 «қызыл» статусы бар азамат анықталған, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, пилоттық жобаның негізгі мақсаты – бизнес нысандарында қауіпсіз орта құру. Мұндай жағдайдың жасалуы кәсіпкерлердің кәсібін әрі қарай дөңгелете алуына және азаматтардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді.

Үкіметтің тапсырмасы негізінде 26 сәуірде «Ashyq» жобасын елдің өзге де өңірлеріне енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл уақытқа дейін барлық қажетті шаралар іске асырылатын болады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы