Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?

19 Сәуір 2021, 17:45
2524
Бөлісу:
Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық вакцинаны әзірлеген Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында биологиялық Кремний алқабын құру әлеуеті бар. Бұл туралы зерттеу-институтының директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.

Бұл стратегиялық қана емес, тәртіптік нысан. Оны бірден 3 ведомство бақылайды. Олар: ІІМ, ҰҚК мен Қорғаныс министрлігі. Бұл жердің әрбір шақырымы бақылауда тұр. Бұл не үшін жасалады? Осы бірегей институттың жұмысын қамтамасыз ету үшін осындай режимде жұмыс істеу керек. Бұл институтта аса қауіпті инфекциялық аурулардың қоздырғыштары орналасқан. Онымен салыстырғанда коронавирус әлсіз. Сондықтан биологиялық қауіпсіздіктің барлық талабы сақталуға тиіс. Бізде ол автоматты түрде жұмыс істейді, - деді Закарья.

Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?

Ол атағандай, қызметкерлер санитарлық өткізуден кірген соң 12 минут бойы сабынмен жуынады.

Кейін арнайы киімді киеміз. Оның барлығы норма болып есептеледі. Оған қоса, жыл сайын 12 вакцинаның түрін егеміз. Ол біздің ағзамызды аман сақтап қалу үшін қажет. Адамдар күн сайын тірі жабайы вирустармен жұмыс істейді. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Бізде аса қауіпті вирустардың штаммдары құтыларда сақталған. Бізде бүкіл әлемді жойып жібере алатын вирустар да бар, - деді директор.
Күнсұлу Закарья айтқандай, стратегиялық нысан ашылғалы бері 3 рет қайта құрылған.

Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?

Бүгінгі таңда Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты - биологиялық қауіпсіздік саласында Орталық Азия мен Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған нысан. Көршілес елдерде осы сияқты ешқандай ұйым жоқ. Ерекше патогендермен жұмыс істеу үшін бізде арнайы рұқсат бар. Сондықтан институт жергілікті жерлерден алыста орналасуы керек. Біз Алматы, Нұр-Сұлтан сынды ірі қалаларда бұл институттың жұмысын істей алмаймыз, - деді Күнсұлу Закарья.
Оның айтуынша, институтта биологиялық қауіпсіздіктің деңгейлері бойынша BSL-1, BSL-2 лабораториялары жұмыс істейді.
Бізде осындай лабораториялар болмаған жағдайда, біз коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлей алмайтын едік. Тек осы лабораторияның қауқары ғана бізге вакцина әзірлеуге мүмкіндік берді. Өзге лабораторияларда мұндай жұмысты істеуге болмайды, - деді Закарья.

Зерттеу институтының басшысы карантин кезінде де институт ғалымдары бір күн де бос отырмағанын айтты.

Біз тәулік бойы, демалыссыз және еңбек демалысынсыз жұмыс істедік. Біз бірнеше вакцина бойынша бір мезетте жұмыс істеп жатырмыз. Біздің ғалымдар «әрекетсіз отыр» деген қауесет сөздер бізді қынжылтады. Әскерилерде 1 жыл 1,5 жылға есептеледі. Біз осындай режиммен қоса, аса ауыр вирустармен жұмыс істейміз. Бұл екі есе қысым түсіреді, - деді ол.

 Күнсұлу Закарьяның айтуынша, қазір кластер сөзі ескірді, алайда институттың әлеуеті жоғары.

Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?

 Адам ештеңе істемесе, жетістікке жете алмайды. Бұл жерде болашақта биологиялық Кремний алқабын құратын әлеует бар. Қазір ол күлкілі болуы мүмкін. Бірақ мен өз сөзіме жауап беремін. Мен ол әлеуетті көріп отырмын. Дұрыс әрі тиімді түрде қаржы құятын болса, қуатты, ғылыми, биотехнологиялық кешен ашуға болады. Яғни, бұл жерде биологиялық Кремний алқабын құруға мүмкіндік бар. Мұнда вакцина да өндіруге болады. Жүйеге диагностика жасап, дәрі-дәрмек әзірлеуге болатын еді. Қазақстанның шекарасы бойынша бақылау жұмысын жүргізіп, еліміздің биологиялық қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге болады, - деді Күнсұлу Закарья.

Өзгелердің жаңалығы