Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады

19 Сәуір 2021, 14:52
1039
Бөлісу:
Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында 21 сәуір күні өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады

Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және «жаңадан» реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы