Все новости за 12 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
МӘМС: Наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Елордалықтар 2021 жылдың басынан бері, яғни қаңтар-наурыз айларында медициналық сақтандыру үшін 8,9 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал наурыз айында МӘМС үшін 3,4 млрд теңгеден аса жарна түсті, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда желі арқылы танысқан қызды тонап кеткен жігіт ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда желі арқылы танысып, ақырында қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Бас санитардың жаңа қаулысы: ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
-
Жамбыл облысында дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының тәртіп сақшылары сауда орталығынан ұрлық дерегін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
ШҚО құтқарушылары қысқы кезеңді қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан республикадағы көшкін қаупі бар аумақтардың бірі, мұнда барлығы 497 көшкін жинағы анықталды, оның ішінде 336 ошақ объектілер мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді.
-
Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов жас сарбаздармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адамзаттың ғарышты алғаш игеруіне 60 жыл және тұңғыш қазақ астронавтының ғарышқа ұшуына 30 жыл толуына орай ҚР ҚК Ұлттық әскери – патриоттық орталығында «Ғарышқа жол» атты іс-шара ұйымдастырылды.
-
Қазстандарт уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған сағатты іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мереке қарсаңында Қазстандарт арнайы ресурсты Мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған сағатты іске қосты. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жазды.
-
ШҚО-да екі әйел жалған құжатпен түрмеге кірмек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да екі әйел жалған құжатпен түрмеге кіруге тырысты, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының бөлімдері мен бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, оларды шартты дағдарыс ауданына жеткізу ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында 35 мыңға жуық адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айынан бастап Түркістан облысына «Спутник V» вакцинасының 33 400 дозасы жеткізілді. Бүгінгі күнге дейін – 33 400 адам 1 компонентпен вакцина қабылдады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
БҰҰ сарапшылары әлемде әлі «пандемия дәуірі» бойлайтынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ сарапшылары жаңа пандемия туындау қаупі жоғары екенін ескертті. Олар әлемде әлі зерттелмеген 1,7 млн вирус бар екенін айтты. Оның тең жартысы адамдарға жұғып, жаңа аурудың таралуына септесуі мүмкін, деп хабарлады IPBES.
-
Рухани жаңғыру: 4 жылда 123 мыңнан астам іс-шара өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 4 жыл толды. Бағдарлама басталғаннан халық өте жылы қабылдады, сәйкесінше ауқымды жұмыстар атқарылды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
-
Арқалықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орталықтар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен «Қайырымды істер марафоны» аясында Арқалықта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды.
-
Қазақстанның үздік университеті беделді халықаралық аккредитациядан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үздік университеті беделді халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл туралы КАЗГЮУ университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қарапайым халық өз еріктерімен вакцина салдырып жатыр. Бүгін №6 емханада болып, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алып жатқандар арасында сауалнама жүргіздік.
-
Атырауда кез келген емдеу орнынан «Спутник V» екпесін алуға болады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салатын 23 пункт бар.
-
Тоқаев Швецияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады.
-
Ербол Қарашөкеев қаржы вице-министрі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бір сәтке де қырағылықты жоғалтпаңыздар - Қасымбек су тасқынын қадағалау жайлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ауа райы күрт жылынуының салдарынан су тасқыны мәселесі басты тақырыптардың біріне айналды. Тұрғын үйлерді су басуына жол берілген жоқ.
-
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцинациялау жүйесі 1 ақпаннан басталды. Ең алдымен медициналық қызметкерлер, кейін әскери қызметшілер және сәуірден бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды.
-
Сарапшылар қазіргі ғарышкердің апталық рационы қанша тұратынын есептеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылар қазіргі ғарышкердің апталық тамақ рационы қанша тұратынын есептеді. Бұл ретте азық-түлік тұтыну көлемі 3200 ккал-дан аспайтындай етіп есептелді.
-
Алматының Саин көшесі 3 километрге ұзарады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Саин көшесін 3 километрге ұзарту жоспарланған. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Михаил Грачев мәлімдеді.
-
Жалған хабарлама берген жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға жалған хабарлама берген 15 жастағы атыраулық жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2021 жылғы 12 сәуір мен 2021 жылғы 26 мамыр аралығында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ЖАО кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға кредит беру» (Бақытты отбасы) бағыты бойынша өтінімдер қабылдайды.
-
Елордада дезинсекциялық іс-шараларға дайындық жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізу үшін дайындықты бастады.
-
Алматылық студент Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Гүлнұр Ыбырай ауыр атлетикадан әлем Кубогының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
-
Кітапханалар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Индонезия Ұлттық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
-
СІМ басшысы ЕҚЫҰ төрағасымен келіссөздер жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линде Орталық Азия бойынша өңірлік турне шеңберінде Қазақстанға ресми сапармен келді.
-
Сүйікті ісін бизнеске айналдырды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайлық экобелсенділер бірегей кітапхана жасақтап жатыр. Олар жаңа жоба аясында жинақтарды қалған-құтқан қағаздардан басып шығармақ.
-
Алматыда 200 вакцина салу пункті құрылды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда қалада 200 вакцинациялау пункті жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады
-
Ғарышты бағындырғандар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 60 жыл бұрын адамзат ғарышты алғаш бағындырды. 1961 жылдың 12 сәуірінде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» кемесімен алғаш жердің орбитасын айналып ұшқан болатын. Осыдан бері 12 сәуір күні Ғарышкерлер күні аталып өтеді. Мерейлі мерекеде ғарышты бағындырғандар жайлы сөз қозғасақ.
-
Сағынтаев әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым салынып жатқан бірқатар ықшамаудандарда болды, сонымен қатар аумақтарды абаттандыру жобаларымен танысты.
-
Алматылықтар вакцина алған сәттерін желіге жариялауда
Алматы, BAQ.KZ. Вакцина алған Алматы жұрты фотоларын әлеуметтік желіге жариялап, өз әсерлерімен бөлісуде.
-
Тоқаев: Ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесіне онлайн дауыс беру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кандидатқа сәйкес өңірде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері дауыс беруге құқылы. Дауыс берудің тура осындай процедурасы қауымдастықтар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға да қарастырылған. Әркім жетекшінің атынан бір кандидатқа дауыс бере алады.
-
Өскеменде ауадан алты химиялық элементті анықтайтын жүйе жұмыс істейді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста экологиялық жағдайды мониторингтаудың көпшілікке қолжетімді бақылау жүйесі дамып келеді.
-
Грузияда пандемияның үшінші толқыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бері елде 288 мыңнан астам инфекция жұқтырған адам тіркеліп, оның 3877-сі қайтыс болды.
-
«Коронавируспен ауырмайын» деп вакцина салдырттым». Шымкенттегі вакцина егу пунктінен фоторепортаж
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкентте коронавирусқа қарсы екпе жасайтын 37 пункт ашылған. Таңғы сағат 8:00-ден бастап кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері де адам қабылдайды. 11 сәуір, жексенбі күні Шымкенттегі №3 қалалық емханаға барып, екпе егу жұмысын көріп, коронавирус вакцинасын салдыруға келген, вакцина салдыртқан тұрғындармен сөйлестік.
-
Коронавируспен күрес. Қытай вакцинасының тиімділігі төмен екені анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы жоғары лауазымды тұлғалар коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның тиімділігі төмен екенін мойындады. Үкімет екпенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырып жатыр.
-
Ертең таңнан бастап барша мұсылман жамағатқа Ораза басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 12-нен 13 қараған түнде Қазақстанда Ораза басталады. Осы күннен бастап мұсылмандар Ораза тұтады.
-
Алматыда вирустың өршу себебі айтылды
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан бері қалада вирус жұқтырудың 22568 жағдайы тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1109,2 көрсеткіш, соңғы тәулікте 709 жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
-
Аймағамбетов ғалымдарды төсбелгімен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада ғылым саласына үлес қосқан ғалымдарды марапаттады.
-
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан қалай өткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандық 16 жастағы оқушы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өткен алғашқы қазақстандық.
-
БҒМ: Ғылыми конкурстар бұрын 3 жылда бір рет өткізілсе, енді жыл сайын өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада айтты.
-
Вакцина алу шариғатқа қайшы емес - имам
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай вакцина алу мәселесіне тоқталды..
-
Үш өңірде ақбөкен мүйіздерін сатқан браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүролі брифинг барысында мәлім болды.
-
Вакцина алу үшін EGov порталы арқылы тіркелу өте ыңғайлы – Алматы тұрғыны
Алматы, BAQ.KZ. EGov порталы «Вакцинацияға/жаппай екпеге тіркелу» қызметін іске қосты. Көптеген алматылықтар жаңа онлайн қызметті пайдаланып үлгерді және оның мүмкіндіктерін оң бағалады.
-
Пандемия кезеңінде ғылым мен білім саласының орны ерекше айқындалды – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара онлайн форматта өтіп жатыр.
-
Мешіттерде жамағатпен тарауық намазы оқылмайтын болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.
-
ІІМ заңсыз сақталған қаруды қаншадан сатып алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Идрисов ІІМ-нің халықтан заңсыз сақталудағы қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша брифингінде айтты.
-
Екі облыс әкімінің орынбасарларына сөгіс жариялау ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысы барысында Пемьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол берген облыс басшыларының орынбасарларына сөгіс жариялауды ұсынды. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын өсуіне жол берму жұмыстары өте маңызды.
-
Қазақстанның экономикалық көрсеткіші өсіп келеді - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті.
-
Азаматтар өз еркімен 53 мың заңсыз қаруды қайтарып берді - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк халықтан заңсыз сақталудағы қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Үкімет бизнесті қолдау бойынша жұмысты жалғастыратын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.
-
Жемқорлыққа қарсы барлық қолжетімді тәсілдермен күресеміз - Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынады. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды. Жиында жаңа құрам бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары анықталды.
-
Жоспар артығымен орындалды – Жамаубаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы» тақырыбында өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
-
Әуе рейсі. Анықтамасыз келетіндер саны азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
-
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша 210,8 мың өтініш орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 0,3 тлрн теңгеге немесе 12,6 тлрн теңгеге дейін 2,3%-ке төмендеді. Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
-
Бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар атқарылуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы баразық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2%-ке өсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.
-
Ұлттық қордың бір айдағы оң инвестициялық кірісі 72 млн АҚШ долларын құрады - Досаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
-
2021 жылдың соңына қарай инфляция 4-6% төмендейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
-
Құрылыс саласындағы өсімді Түркістан көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
-
Экономикалық өсім көрсеткен өңірлер аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың алғашқы тоқсанында макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
-
Вакцинациялау қарқыны бойынша дамушы елдер дамыған елдерден айтарлықтай артта қалып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
-
Өңірлер «ASHYQ» жобасын тездетіп енгізулері қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында прмьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
-
COVID-19. 100-ден астам науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 сәуірдегі мәлімет бойынша, 34 478 адам коронавирус инфекциясынан (33 908 КВИ+ және 570 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 349 пациент стационарда, 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Мамин эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вакцинациялау кестесі қатаң сақталып, ай сайын екі миллион адам вакцинамен қамтамасыз етілуі тиіс. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин әкімдіктер мен бірқатар ведомстовларға эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша тапсырма берді.
-
Қыркүйекке дейін 10 миллион адамға екпе салу жоспарланған - Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Қазақстан ғылымы: Бүгіні мен болашағы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ХХІ ғасыр әлемде ғылымның және техниканың айтарлықтай дамыған заманы. Әсіресе соңғы бір жыл ішінде бұл сала қызметкерлерінің өздерінің әлеуетін жан-жақтан көрсете білді. Коронавирус індетімен күреске қарсы әлем ғалымдары вирусқа қарсы вакцина ойлап шығарды. Өнертапқыштардың мұндай жұмыстары елеусіз қалып жатқан жоқ.
-
Қазақстан 12 күннен бері «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Қазақтың Қанышы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 12 сәуір – елімізде ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Бұл күннің осы атауға ие болуының бірден-бір себебі – Қаныш Сәтбаев. Себебі дәл бүгін қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген күн.
-
Анна Данилина теннистен Швейцариядағы халықаралық турнирде топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Пәкістан Рамазан айы қарсаңында локдаун енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан Рамазан айының алдында локдаун жариялады, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 608 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 608 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2290 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
Наверх