Анна Данилина теннистен Швейцариядағы халықаралық турнирде топ жарды

12 Сәуір 2021, 08:45
1304
Бөлісу:
Анна Данилина теннистен Швейцариядағы халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық-грузиялық жұп жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында канадалық Ребекка Марино – жапониялық Юки Наитомен кездесті. А.Данилина мен Е.Горгодзе басты бәсекеде 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дода барысында олар алғашқы айналымда корт иелері Дженни Дерст – Себастьяна Скллипотидің 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалда украиналық Ангелина Калинина – ресейлік Валерия Савиныхтан айласын асырды – 7:6, 6:4. Жартылай финалда қазақстандық пен грузиялық спортшы чехиялықтар Анастасия Детюк – Йохана Марковамен кортқа шықты.

Бұл жұп ширек финалда осы жарыстың 1-ракеткалары белоруссиялық Лидия Морозова – румыниялық Кристина-Андреа Митуді 7:6, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп кеткен еді. Дегенмен олар А.Данилина мен Е.Горгодзеге қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6.
Өзгелердің жаңалығы