Түркістан облысында 35 мыңға жуық адам екпе салдырды

12 Сәуір 2021, 20:30
1528
Бөлісу:
Түркістан облысында 35 мыңға жуық адам екпе салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айынан бастап Түркістан облысына «Спутник V» вакцинасының 33 400  дозасы жеткізілді. Бүгінгі күнге дейін – 33 400 адам 1 компонентпен вакцина қабылдады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Оның ішінде медициналық қызметкерлер – 15 143, мұғалімдер – 11 726, полиция қызметкерлері – 576. Бұдан бөлек, өзге топтағы – 1978 адам қабылдады. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация)  11 572  адам вакцина салдырды. Екінші рет медицина мамандары – 8735. Мұғалімдер – 2260 болса, құқық қорғау органдары – 472. Өзгелер – 115.

Соңғы тәулікте  Түркістан облысында 27 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,57 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 4712 адам жұқтырған. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар, - делінген ақпаратта.

 Айта кетейік, сәуір айының соңына дейін жалпы – 72100 доза жеткізу жоспарланған.

Түркістан облысына қарасты вакцина сақтайтын қоймасына көлемі 601 литр құрайтын 2  мұздатқыш алынған.  Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20  мұздатқыш жеткізілген. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пунктер толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр құрайтын 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілді.

Өзгелердің жаңалығы