Вакцина алу шариғатқа қайшы емес - имам

12 Сәуір 2021, 11:58
2573
Бөлісу:
Вакцина алу шариғатқа қайшы емес - имам

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай вакцина алу мәселесіне тоқталды.

Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ,-деді қаланың бас имамы.

Сонымен қатар ол жұртшылықты вакцина алудан қашпауға шақырды.

Өзімізді, отбасымызды және жалпы қоғамды сақтау үшін вакцина алған дұрыс. Сондықтан біз екпе алуға кеңес береміз. Еліміздің президенті де вакцина салдырғанын білеміз. Танымал адамдар мен шенеуніктер де осы вакцинаны салдырды, -дейді Еркінбек Шоқай.

Сондай-ақ брифинг барысында ПТР тесттен өту оразаны бұзбайтыны да айтылды. Имамның айтуынша, тек ішке тамақ, не су қабылдағанда ғана бұзылады.

Өзгелердің жаңалығы