Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

12 Сәуір 2021, 17:56
78787
Бөлісу:
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцинациялау жүйесі 1 ақпаннан басталды. Ең алдымен медициналық қызметкерлер, кейін әскери қызметшілер және сәуірден бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды. 

Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

Жаппай вакцинациялау басталғанына шамамен 2,5 айдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында елорда емханаларында вакцинациялау қалай жалғасып жатқаны туралы білу үшін №6 емханаға бардық. Мекеменің Инфекциялық бақылау қызметінің басшысы Қанат Мойнаков вакцинаны алу процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

6 сәуірден бастап №6 қалалық емханаға тіркелген қарапайым халықты вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Екпе жасаудың өзінің алгоритмі бар. Вакцина алуға әкімдіктің сайты арқылы, eGov порталы арқылы тіркелуге болады. Сонымен қатар әкімдік сайтында вакцинациялауға қатысты нөмірлер көрсетілген. Сол нөмірлерге қоңырау шалып, вакцина алуға жазылуға болады, - деді ол.
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

Дәрігердің сөзінше, көбінесе емханаға тіркелгендер келіп, вакцинаны салдырып жатыр. Дегенмен №6 емханаға тіркелмеген азаматтар үшін де есік ашық, дәрігерлер қарсылық көрсетпей, тіркеуі жоқ азаматтарға да вакцина салып жатыр. Екпе алып жатқандардың шамамен 90%-ы елордалықтар.
№6 емханада 3 екпе бригадасы бар. 2 тұрақты бригада және үшіншісі жылжымалы бригада.

Тұрақтылар емханада жұмыс істейді. Ал жылжымалы бригада емханадан тыс жерде орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне вакцинация жасап жатыр. Одан бөлек, мектептерге де осы жылжымалы бригада барады. Бүгін таңғы уақытта жылжымалы бригада мектепке барып келді. Кешеден бері осындай жұмыс жүргізіліп жатыр, - дейді Қанат Мойнаков.
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

Жылжымалы бригада барлық санитарлық талапты қатаң сақтайды.

Олар мектептегі қызметкерлерді медициналық пункте қабылдайды. Ол жерде талаптар сақталған. Вакцина салуға мүмкіндік бар.Бұрынғыға қарағанда халықтың вакцинаға сұранысы көбейіп келеді. Өткен аптадан бастап сұраныстың артқанын байқап отырмыз. Мұның бәрін елордалықтардың мекеменің Call-орталығына хабарласып, тіркелгенінен көруге болады. Халық алдын ала байланыс нөміріне байланысып, тізімге жазылып жатыр, - деп түсіндірді Инфекциялық бақылау қызметінің басшысы.
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

Дәрігер атап өткендей, емхананың диспансерлік тізімінде мыңнан астам адам бар. Бірінші сол адамдар вакцина алуға шақырылып жатыр. Онымен қоса, қарапайым халық та шақырылып жатыр.

Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

№6 емханада 90 мыңнан астам тіркелген. Оның 3 мыңнан астамы 1 ақпаннан бастап екпе алды. Иммунитетті қалыптастыру үшін жоспар бойынша 50 мыңнан аса адамға (60%) вакцина салу көзделіп отыр. 

Бүгінгі күні 2 000-нан астам вакцина қолда бар. Вакцинаның жеткізілуі бойынша ешқандай кедергі, проблема жоқ. Егер вакцина таусыла бастаса, онда бірден тапсырыс береміз. Сонымен бірге күніне 100-ден 200-ге дейін вакцина жасауға қауқарымыз жетеді. Демалыс күннің өзінде 140-тан аса адамға вакцина салдық. Оның алдында шамамен 200-ден аса адам вакцина алды. Осылайша күнделікті жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ол сұхбатында. 

1 ақпаннан бері №6 емхананың 150-дей медициналық қызметкері вакцина алып үлгерді. Ал жалпы мекемеде 300-ге жуық медқызметкер жұмыс істейді.
Дәрігер қандай жағдайда вакцина алуға болмайтыны туралы сөз қозғады.

Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша кімнің вакцина алып және кімнің алуға болмайтыны туралы медициналық нұсқаулықта көрсетілген. Созылмалы аурулары, қатерлі ісіктері, инфекциялық ауруы бар адамдарға вакцина алуға болмайды. Нұсқаулықта 20-ға жуық қарсы көрсеткіші көрсетілген тізім бар, - дейді Қанат Мойнаков.
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты

Дегенмен азамат дәрігерінен қандай жағдайда вакцина алуға болмайтыны туралы нақтылап тағы бір рет сұрай алады.

Вакцина алуға келгенде пациенттер терапевт тексеруінен өтеді. Дәрігер ең алдымен пациенттен қарсы көрсетілімдері туралы анықтайды. Созылмалы аурудан бастап жұқпалы инфекциялық ауруға дейінгі қарсы көрсетілімі болмаған жағдайда ғана пациент вакцинациялаудың келесі кезеңіне жіберіледі. Терапевт температура, сатурация (өкпе қызметінің) жұмысын тексереді. Сондай-ақ аллергиясы бар-жоғын анықтайды.

Әр учаскеде 1,5-2 мыңнан астам адам тіркелген. Осындай бірнеше учаске бар. Тіркелген әр адамды тізім бойынша вакцина алуға шақырамыз. Алайда вакцина алу әркімнің өз еркі. Біз шақыруға міндеттіміз, - деп айтты №6 емхана өкілі. 

Қанат Мойнаков 37-ден жоғары дене қызуы, инфекциялық ауруы бар, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балаларға вакцина алуға келуге болмайтыны туралы айтты.

жүкті әйелдерге;
ауыр аллергиясы барлар;
вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға;
18 жасқа толмағандарға;
65 жастан асқандарға салынбайды;
бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары;
эндокриндік жүйенің бұзылуы (қант диабеті);
қан түзілімі жүйесінің ауыр аурулары;
эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке жүйесінің аурулары;
жүрек-қан тамыр аурулары;
иммун тапшылығы;
аутоиммунды аурулар;
өкпе аурулары, демікпе және өкпенің обструктивті аурулары;
метаболиттік синдром мен диабет, аллергиялық реакциялар, атопия мен экзема;
қатерлі аурулар, соның ішінде қан аурулары.

Сонымен қатар вакцина алғаннан кейін 3 күн бойы екпе алған жерге су тигізуге, алкоголь өнімдерін қолдануға болмайды. Вакцинадан кейін дене қызуы болса, онда парацетамол дәрісін ішу қажет.

Дәрігер Қанат Мойнаков 1 ақпанда вакцинаның бірінші және 21 күннен кейін екінші компонентін алған. Қазіргі күні өзін жақсы сезінеді. Сонымен қатар вакцина алған басқа да әріптестерінің жағдайлары қалыпты.

Өзгелердің жаңалығы