Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесіне онлайн дауыс беру басталды

12 Сәуір 2021, 14:20
1199
Бөлісу:
Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесіне онлайн дауыс беру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кандидатқа сәйкес өңірде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері дауыс беруге құқылы. Дауыс берудің тура осындай процедурасы қауымдастықтар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға да қарастырылған. Әркім жетекшінің атынан бір кандидатқа дауыс бере алады.

Өңірлік кеңеске барлығы бизнес-қоғамдастықтан 28 өкіл өтеді. Бүгіннен бастап 16 сәуірге дейін сайты арқылы онлайн форматта дауыс беруге болады.

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес мүшелігіне сайлауға қатысуға өтініш берген 92 кандидат ішінен 91 өтінім мақұлданды. Бұл Ұлттық палатаның талаптарына сәйкес келген және қажетті құжаттардың толық топтамасын өткізген кандидаттар. Осылайша, бір орынға байқау орташа есеппен  4-5 адамды құрайды. 

Еске салсақ, өңірлік кеңес мүшелігіне үміткердің ең жасы – 27 жаста, үлкені – 78 жастағы азамат. Кандидаттардың орташа жасы – 49 жас.

Кандидаттар саны ауыл шаруашылығы саласынан басым – 27 өтінім, өзге де қызметтер бойынша 19 өтінім, өңдеу өнеркәсібі  – 12 кандитат, сауда саласы  – 11 өтінім, әлеуметтік сала – 10 адам, құрылыс саласы бойынша 7 өтінім және көлік және логистика – 3 өтінім.

Кандидаттарды іріктеу қорытындысын шығару 19-29 сәуір аралығында өтеді.

18 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін Жамбыл облысы Өңірлік кеңесіне кандидаттардан өтінім қабылдау офлайн форматта өтті.

Өзгелердің жаңалығы