Вакцина алу үшін EGov порталы арқылы тіркелу өте ыңғайлы – Алматы тұрғыны

12 Сәуір 2021, 11:47
1730
Бөлісу:
Вакцина алу үшін EGov порталы арқылы тіркелу өте ыңғайлы – Алматы тұрғыны

Алматы, BAQ.KZ. EGov порталы «Вакцинацияға/жаппай екпеге тіркелу» қызметін іске қосты. Көптеген алматылықтар жаңа онлайн қызметті пайдаланып үлгерді және оның мүмкіндіктерін оң бағалады.

Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасындағы емханаға тіркелген қала тұрғыны Т.Раисов 8-ші сәуір күні бірыңғай eGov жүйесі арқылы тіркелді және келесі күні таңғы 9-да оған коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақыру келді. Алматы тұрғыны вакцинаны онлайн тағайындау өте ыңғайлы әрі жедел енгізілген қызмет екенін айтты.

 

 

Вакцинацияға тіркелу кезеңінен бастап және оны емханада егу процесі барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің қауіпсіздігіміздің барлық санитарлық нормалары сақталған. Вакцинация орталығында көпшілік шоғырланбаған және қарбалас жоқ. Адамдар өз кезегін күтеді, әлеуметтік арақашықтық сақталады, арнайы белгілер қойылған. Медицина қызметкерлері өз жұмыстарын нақты және кәсіби деңгейде орындайды, түсіндірулер мен ұсыныстар беріледі. Екпеден соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болады. Біздің емханаға рахмет!, - дейді ол.

 

 

Вакцинацияға онлайн режимінде жазылу кезекпен өтуге, белгіленген күні және нақты уақытта медициналық ұйымға келуге мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңіз немесе мобильді Egov қосымшасы арқылы вакцинацияға медициналық ұйымды көрсете отырып, онлайн режимде жүгіне аласыз. Сонымен бірге, азамат міндетті түрде өзі бекітілген жерді емес, вакцинация жүргізілетін қаладағы кез-келген медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Қосымшада халықты вакцинациялауға рұқсат етілген медициналық ұйымдардың тізімі көрсетілген. МСАК ұйымында қосымшаның болуы шарт.

 

Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін, бір күн ішінде өңделеді және ақпарат тарату жүзеге асырылады. Осыдан кейін азамат электронды үкімет порталында медициналық ұйымға вакцинацияға барудың күні мен уақытын көреді, сонымен қатар SMS хабарлама алады. Екінші компонент үшін қайта жүгінудің қажеті жоқ. 21 күннен кейін салынатын екпе жөнінде хабарлама алдын ала жіберіледі.

 

Сарапшылардың пікірінше, вакцинация - коронавируспен күрестегі жалғыз сенімді шешім.

 

Алматы қалалық №7 клиникалық аурухананың бас дәрігерінің емхана қызметі жөніндегі орынбасары Ләззат Жұмаділованың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация халықтың қалың топтарына қол жетімді. Бұл еңбекке жарамды жастағы азаматтардың, студенттердің, 60 жастан асқан адамдардың, диспансерлік есепте тұрған созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастардың категориялары.

 

Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы бері Алматыдағы №7 клиникада 1000-нан астам адам вакцинацияланды. Қазіргі уақытта вакцинацияның 5-ші кезеңі өтуде.

 

 

Біздің вакцинация бөлмелері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған. Медицина қызметкерлері вакцинация жүргізу үшін алдын-ала дайындықтан өткен, - деп толықтырды Жұмаділова.

 

 

Вакцинация жоспарға сәйкес белгіленген кестелер бойынша жүзеге асырылады. Қазір медициналық ұйымдар аптасына жеті күн жұмыс істейді. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде кез-келген 18 жастан жоғары адам ерікті түрде вакцина ала алады.
 

Өзгелердің жаңалығы