Әуе рейсі. Анықтамасыз келетіндер саны азайған

12 Сәуір 2021, 11:05
1145
Бөлісу:
Әуе рейсі. Анықтамасыз келетіндер саны азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

4 020 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 010 адам, анықтамасыз 10 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 600 жолаушы, анықтамамен - 2 590, анықтамасыз - 10; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 1 074 жолаушы анықтамамен келген;  

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 346 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 10 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 28 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы