Бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар атқарылуда?

12 Сәуір 2021, 10:51
1572
Бөлісу:
Бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар атқарылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың басынан бері  әлеуметтік маңызы баразық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2%-ке өсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында 45 іс-шарадан құрайтын Бағаны тұрақтандыру жөніндегі жол картасы мақұлданды.

Жол картасын орындау аясында наурызда жедел шаралар қабылданды, атап айтқанда: монополияға қарсы ден қою шаралары іске асырылды, шекті бағалар енгізілді, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру туралы меморандумдар жасалды, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді, сауда объектілерінде әлеуметтік сөрелер орнатылды, күнделікті мониторинг және атқарылып жатқан жұмыс жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жарияланды, - деді ол.

Оның келтірген мәліметіне сүйенсек,«Айналым схемасы» жыл басынан 30% ұлғайтылып қаржыландыру 24,3 млрд. теңгені құрады. Қосымша 8,3 млрд. теңгені бөлу жоспарлануда. 

Сонымен қатар, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады.

6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% орын алды. Ең аз 2,9%-ке өсім Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы