Все новости за 22 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістанда бір айда 423 науқас өкпе қабынуынан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда соңғы бір айда 423 науқас өкпе қабынуынан емделіп шықты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Елордада мас жүргізуші 3 адамды қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мас жүргізуші 3 азаматты қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.
-
Есеп комитеті: Экономикалық шешімдерді қабылдау жаңа деңгейде қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есеп комитеті Төрағасының міндетін атқарушы А.М. Теңгебаевтың 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі бойынша ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі.
-
Аралда балық өсіретін цех іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Арал балықшылары жылына жеті мың тоннадай балық ауласа, оның екі мың тоннасын экспорттайды.
-
Интернетпен қамтудың цифрлық картасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді кез келген қазақстандық өзі тұратын елдімекеннің телекоммуникациялық төлқұжатымен таныса алады. Әсіресе, бұл карта кеңжолақты Интернетпен әлі қамтамасыз етілмеген ауылдар үшін пайдалы.
-
Иордания Королі мен Өзбекстан басшысы Елбасына денсаулық тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Коронавирустан көз жұмғандар саны 127-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Денсаулық сақтау министрлігіне 60-тан астам өкпені жасанды желдету аппараты берілді
Оған дейін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына 17 данасы тапсырған болатын.
-
Төрт күнде жол ережесін бұзған 32 жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады.
-
Еліміз бойынша жалпы 11158 адам індетінен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 196 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Биыл 5,3 млрд теңгеге 63 жоба мақұлданды - әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен 5 ай ішінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша аймақтар рейтингісінің алдын ала қорытындысы шығарылды.Көшбасшылар үштігінде Ұлытау ауданы, Қаражал қаласы және Жаңаарқа ауданы бар.
-
Сіздің атыңызға өзге адам кредит ресімдесе не істеу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кредит алаяқтары пайдаланушылардың дербес деректерін қолды етуге мүмкіндік беретін түрлі схемалар ойлап табады және оларды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдаланады.
-
Сапарбаев: Мердігерлердің уәдесіне тойдық
Бердібек Сапарбаев жоспарланған барлық жобалардың іске асырылуы керектігін атап өтті.
-
Геологиялық барлау саласына инвесторлар тарту жұмысы жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің геологиялық барлау саласына ірі шетелдік инвесторлар тарту жөніндегі маркетингтік стратегияны, сондай-ақ road-show әзірлеуді жоспарлауда.
-
Жастардың денсаулық орталықтары туралы білуінің маңызы зор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мен психологтар пациенттің ең "қысылған" және ұялшақ түрі жасөспірімдер мен студенттер екенін біледі. Елімізде жастар үшін жастардың денсаулық орталықтары құрылды.
-
Каспийдегі порттар арасында 1 млн тонна жүк тасымалданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері еліміздің теңіз порттары арқылы 2,6 млн тонна жүк тасымалданды.
-
МӘМС. Жүкті әйелдер қандай көмекті тегін алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес беру мен диагностиканың тегін 14 түрінің ішінде жүкті әйелдер үшін тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу өте маңызды.
-
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті.
-
Санитарлық шаралар күнделікті әдетке айналуы керек
Департамент директорының айтуынша, егер қандай да бір мекемеде коронавирус белгілері бар қызметкер анықталса, оны оқшаулайтын арнайы бөлме жасақталуы керек.
-
Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қайта қысқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Қазақстанның кей өңірінде карантиндік шаралар қайта күшейтілуде.
-
Елдос Сұлтанов: Хирургтің міндеті – науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, аяққа тұрғызу
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Медицинаның өзі сан салаға бөлінеді. Соның ішінде хирургия ең күрделісі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елдос Сұлтанов қазіргі жас мамандардың хирургия саласына көптеп келе бермейтіндігін, одан гөрі бір бағытқа ыңғайланатын бейінді маман болуды таңдайтынын айтты. 23 жыл осы саланың қиын да күрделі жолынан сүрінбей келе жатқан жоғары санатты дәрігер-хирургпен кәсіби мереке қарсаңында сөйлескен болатынбыз.
-
Енді сенбі-жексенбі тағы карантин бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен аптада бірнеше қалада карантиндік шектеулер күшейтілген болатын. Алдағы уақытта бұл шектеулер жалғаса ма?
-
Коронавирус: 30 мыңға жақындап қалдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов елдегі коронавирусқа байланысты жағдайды айтты.
-
Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау нысандарын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында бой көтеріп жатқан перинаталды орталықтың құрылыс жұмысымен танысты.
-
Қазақстанда жыл сайын 300 мың тонна мырыш өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде мырыш өндірісі "Қазмырыш" ЖШС орналасқан Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған.
-
Түркиядағы су тасқынынан бес адам қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса аумағында орналасқан Кестел аймағында су тасқыны болды. Соның салдарынан кем дегенде бес адам өліп, тағы бірі із-түзсіз кеткен.
-
Әуе рейстеріндегі әрбір жолаушы міндетті термометриядан өтеді – көліктегі бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20 маусымнан бастап елімізде халықаралық әуе рейстері қайта жанданған болатын. Осыған орай Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов тиісті санитарлық талаптар мен шектеулерге қатысты пікір білдірген еді.
-
Реаниматолог: Дәрігер үшін ең маңыздысы – сырқаттың сенімін ақтау
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Юрий Кабаргин Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының реаниматология бөлімшесінде қырық жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді.
-
Желіде iPhone 12 макеттерінің суреті пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple компаниясы iPhone 4 және жаңа iPad Pro дизайнына қайта оралмақ.
-
Ертеңнен бастап елордадағы бүкіл балабақша жұмысын тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның шешіміне сәйкес, 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында барлық балабақшалардың жұмысы меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік және жекеменшік) тоқтатылады.
-
Тоқаевтың баспасөз хатшысы ауруханадан шықты
Сонымен қатар, ол енді үй карантинінде, дәрігерлердің бақылауында болатынын жеткізді.
-
Елорда емханалары жоспарлы қабылдауды тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусымнан бастап елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.
-
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
-
Қостанай облысында қатаң карантиндік режим енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КВИ-ді жұқтырушылар санының өсуін ескере отырып, 23 маусымнан 30 маусымға дейін карантиндік режимді күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Тоқаев Маминнің және әкімдердің есебін тыңдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Премьер-министр Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызының қайтыс болуына байланысты ҚР премьер-министрі Асқар Мамин көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Алексей Цойды таныстырды.
-
Қайырымды кәсіпкер
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Глубокое ауданының Солнечное кентіндегі шаруашылық соңғы төрт жылда жарты миллион теңгеден астам қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған.
-
Қазақстан мен Қытай теміржол арқылы жүк тасымалын арттырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов бастаған қазақстандық және Үрімші темір жолының халықаралық қызмет бастығы Лю Шучен жетекшілік ететін қытайлық делегацияның қатысуымен бейнеконференция форматында селекторлық отырыс өтті.
-
Назарбаевтың құдағиы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құдағиы Раиса Алдабергенқызы қайтыс болды.
-
Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш егіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифинг барысында қаланы көгалдандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.
-
65 адам індетінен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 65 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
АҚШ коронавируспен күресу үшін Қазақстанға көмек жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттары Қазақстан үкіметінің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларын қолдау үшін АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) көмегімен қажетті зертханалық жабдықтар мен материалдар жеткізілді.
-
Қордай оқиғасы: көпұлтты ауданның ертеңі қандай?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы Қордай ауданының бірқатар ауылдарындағы тұрмыстық жанжалдың орын алғанына да бірер ай өтті.
-
Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс парадын тамашалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған паратты тамашалайды.
-
ЭЦҚ-ны ХҚКО-ға бармай-ақ қалай алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетіні белгілі.
-
Ұлттық қордан алынатын трансферттер оның түсімінен аспауы тиіс - сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың және Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның қатысуымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті.
-
Алматы қаласы Мобилділік басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Ерлан Әділов қалалық Мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды.
-
Түркістан әкімі коронавирус жұқтырып алды
Алматы, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бұл жайында Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
5 айда тұрғын үй құрылысына 24,7 млрд теңге инвестиция салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Ақмола облысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 570 мың шаршы метр немесе 5300 тұрғын үй салу міндеті тұр.
-
Ешкімді аяп жатқан жоқ: Мәдина Сәдуақасова коронавирус туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова коронавирус бар екені рас деп отыр.
-
Шымкентте "ақылды күнбағыс" жүйесі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ақылды қалалар" эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында "Ақылды күнбағыс" ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды.
-
"Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті". Маминнің есебі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.
-
Алматының "Жайлы қалалық орта" басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Сапар Нұрашев Алматының "Жайлы қалалық орта" басқармасының басшысы болып тағайындалды.
-
ҰБТ-2020. Түркістандық түлек ең жоғары балл жинады
Наужан Дидарбекова брифинг барысында ҰБТ өткізуді ұйымдастыру жұмыстарына былтыр және биыл қанша қаражат жұмсалғанын айтты.
-
Қандай мамандықтарға сұраныс артады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы, білім беру саласының сарапшысы, BTS Education компаниясының басшысы Саясат Нұрбек "Желмая" жобасында алдағы 5-6 жылда қандай мамандықтарға сұраныс артатыны жайлы айтты.
-
Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде комиссия құрылды.
-
ҰБТ-2020. Жоғары температурасы бар 2 түлек тестілеуге жіберілмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҰБТ-2020 барысындағы санитарлық қағидаттар жайында айтып берді.
-
UFC: Мария Агапованың екінші қарсыласы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапованың екінші қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы mmajunkie.usatoday.com агенттігі хабарлады.
-
ҰБТ. Алғашқы нәтижелер: 39 бала 130 балдан жоғары алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҰБТ-2020 бірінші күнінің қорытындылары жөнінде айтып берді.
-
7-20-25: Ипотекалық несиелерді беру қарқыны қалпына келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айының соңынан бастап "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламалары бойынша ипотекалық несиелер беру қарқыны қалпына келді.
-
Алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды.
-
Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны 2 млн адамнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны екі есе өсіп, 2 млн 227 мың адамды құрады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Коронавирус мутацияға ұшырауда – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиялық дәрігер-инфекционист Маттео Бассетти коронавирустық инфекция қаупі төмендеп келеді, енді ол өздігінен жоғалып кетуі мүмкін деп санайды. Оның пікірінше, бұл жағдай генетикалық мутация салдарынан болуы мүмкін, деп жазады Fox News.
-
Елімізде 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қазірдің өзінде 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
-
Амандық Баталов коронавируске байланысты оқшауланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтыруына байланысты оқшауланды.
-
#Желмая. Шетелде білім алғандар неге Қазақстаннан жұмыс таба алмай жүр?
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – саясаттанушы, білім беру саласының сарапшысы, BTS Education компаниясының басшысы Саясат Нұрбек.
-
Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргінші жолына айналады
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилоттық жобаның қолға алынатынын хабарлады.
-
Совет Одағы елдері орыс халқының жерін иемденіп кетті – Путин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Совет Одағы құрамынан шыққан республикалар туралы ой қозғады. Оның пікірі Павел Зарубиннің 21 маусымда "Россия 1" телеарнасында көрсетілген "Ресей. Кремль. Путин" фильмінде айтылды.
-
COVID-19: Әлемде бір тәулікте 183 мың адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде тәулігіне вирус жұқтыру жағынан антирекорд орнады.
-
ҰБТ: 160 түлек тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, 6 206 түлек ҰБТ нәтижелерін алады. Қатысушыларға электронды сертификат беріледі.
-
Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 22 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.
-
22 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 22 маусым күні құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде желдің күшеюі сақталады. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман болуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Індет белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 21 маусымда COVID-19 ауруының клиникалық белгілері байқалмайтын 964 тасымалдаушы тіркелді.
-
Өткен тәулікте 507 адамнан коронавирус індеті анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 507 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Наверх