Жастардың денсаулық орталықтары туралы білуінің маңызы зор

22 Маусым 2020, 20:39
1631
Бөлісу:
Жастардың денсаулық орталықтары туралы білуінің маңызы зор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мен психологтар пациенттің ең "қысылған" және ұялшақ түрі жасөспірімдер мен студенттер екенін біледі. Елімізде жастар үшін жастардың денсаулық орталықтары құрылды.

Мектептер мен университеттерде жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері бойынша жасөспірімдер мен жастар қатты ауырсынуды сезінсе немесе аурудың ауырлығын білсе де, өзін-өзі емдеуге бейім. Сонымен бірге, жасөспірім кезіндегі диагноз қойылмаған және емделмеген ауру көбінесе созылмалы сипатқа ие болады, бұл болашақта көптеген проблеманы тудырады.

18 жасқа дейінгі қыздар мен бойжеткендер гинеколог, психологте үнемі тексеріліп, кеңес алуды қажет етеді. Жасөспірімдер мен жас жігіттерде бұл жас мінез-құлықтың қалыптасуымен, жетілуімен байланысты. Жастар босаңсыған жолдастарының әсеріне бейім болады, бұл көбінесе әлеуметтік және медициналық сипаттағы проблемаларға әкеледі.

Көптеген елдердегідей Қазақстанда да жас азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жер-жерде клиникалар мен ауруханалар базасында жастар денсаулық орталықтары құрылуда. Осындай ұйымдық құрылымның арқасында ЖДО өз пациенттеріне кешенді медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсете алады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдан бастап аталған орталықтарда емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жүзеге асырылады.

Төмендегі жадынамада диагностика мен емдеудің барлық маңызды түрлері бар, оларды осы орталықтардағы жасөспірімдер мен студенттер қабылдай алады. Қосымша ақпарат алуға болатын медициналық сақтандыру қоры байланыс орталығының 1406 номерлі телефонын, сондай-ақ 14 аймақтағы жастар денсаулық орталықтарының мекен-жайына сілтемені сақтап қоюды ұмытпаңыз.

Өзгелердің жаңалығы