Қостанай облысында қатаң карантиндік режим енгізіледі

22 Маусым 2020, 16:42
1174
Бөлісу:
Қостанай облысында қатаң карантиндік режим енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КВИ-ді жұқтырушылар санының өсуін ескере отырып, 23 маусымнан 30 маусымға дейін карантиндік режимді күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.

23 маусымнан бастап Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайлоның бұйрығымен карантин режимі күшейтілді.

Қаулыда облыста соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалағаны айтылады: КВИ жұқтыру бойынша күн сайын 50-ден 100-ге дейін жағдай тіркеледі. КВИ жұқтырғандардың саны 518 адамға жетті, олардың арасында симптомы барлар мен симптомы жоқтары да бар, - деп хабарлады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

8 мен 14 маусым аралығында КВИ жұқтырудың 56 оқиғасы тіркелді, ауру өсімі - 26,5%, 15-21 маусым аралығында - 251 жағдай, ауру өсім 94% артты. Негізінен ауру жұқтырушылардың басым бөлігі Қостанай қаласына тиесілі - 93 науқас, Рудныйда - 24 жағдай.

Вирус жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты зертханалар қосымша жұмыс жүктемелерімен жұмыс істей бастады. Бұл науқастарды емдеумен айналысатын медицина қызметкерлеріне де қатысты. Қызметкерлер жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуге мәжбүр, әрине бұл да олардың денсаулығына кері әсер етуде. Сонымен қатар, медициналық мекемелерде орындар жетіспейді, резервтік төсектерді орналастыру жұмыстары жүргізілуде, - деді Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло.

Бұл жағдайдың себептері, оның айтуынша, карантиндік шектеу шараларын халықтың да, кәсіпкерлік субъектілерінің де жаппай орындамауынан туындауда.

Тыйым салынғанына қарамастан, кафе мен мейрамханаларда банкеттер, үйлену тойлары және мерекелік кештер өткізіледі. Қостанайдағы екі балабақшада қызметкерлер арасында КВИ тіркелді, - деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Бақылау топтарының жұмысы барысында 288 талаптардың бұзылу жағдайы анықталды. 78 жағдайда кінәлілерге айыппұл салынды. 13 нысанның жұмысы өз еркімен тоқтатылды. Басқа тәртіп бұзушылықтар үшін ескертулер берілді.

КВИ-ді жұқтырушылар санының өсуін ескере отырып, 23 маусымнан 30 маусымға дейін карантиндік режимді күшейту туралы шешім қабылданды:

1. Меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметін тоқтата тұру (кезекшілік топтарды қоспағанда);
2. Спорттық кешендердің (үйірмелер, секциялар және басқалары) жұмысына тыйым салынады, ашық алаңдарда 20 адамға дейінгі топтар жаттығуларын қоспағанда;
3. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тек "тамақты тұтынушыға үйіне жеткізу" қағидаттары бойынша шектеп, рұқсат етіледі.

Өзгелердің жаңалығы