Ертеңнен бастап елордадағы бүкіл балабақша жұмысын тоқтатады

22 Маусым 2020, 17:18
2382
Бөлісу:
Ертеңнен бастап елордадағы бүкіл балабақша жұмысын тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның шешіміне сәйкес, 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында барлық балабақшаның жұмысы меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік және жекеменшік) тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын балалар санын бір топта 15 адамнан асырмау тәртібімен балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейтін. Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек. Карантин кезеңінде балалардың жалпы санының тек 20%-ы балабақшаларға (мемлекеттік және жеке) барды, - делінген әкімдік таратқан хабарламада. 

Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған. Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска киіп, қолыңызды антисептикпен өңдеңіз және әлеуметтік қашықтық сақталуын қадағалаңыз.

Өзгелердің жаңалығы