Тоқаевтың баспасөз хатшысы ауруханадан шықты

22 Маусым 2020, 17:06
1451
Бөлісу:
Тоқаевтың баспасөз хатшысы ауруханадан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан жазылып шықты. 

Айта кетсек, Берік Уәли маусымның 6 күні коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. 

Zakon.kz агенттігі президенттің баспасөз хатшысы бүгін ауруханадан жазылып шыққанын хабарлады.

Бүгін ауруханадан шықтым. Қорытынды да менің жағдайм жақсарғаны жазылған. Тәуір болып қалдым. Маған коронавирус инфекциясының ауыр түрі деген диагнозы қойылған еді. Екі жақты пневмония болды. Бес күн реанимация бөлімінде болдым, - дейді Берік Уәли.

Сонымен қатар, ол енді үй карантинінде, дәрігерлердің бақылауында болатынын жеткізді.

Жалпы, ендігі ем қабылдау, тексеру хаттамаға және келісілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Жұмысты қашықтан істей беремін, - дейді ол.

Сөз соңында ол көмек көрсетіп, емдеген медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Өздеріңіз білесіздер, кеше біз Медицина қызметкерлері күнін атап өттік. Олардың барлығы осы күннің батырлары. Олардың кейбірі бірнеше айдан бері отбасын көрмеген. Олар расымен қайратты адамдар, - деді Б. Уәли.

Өзгелердің жаңалығы