Премьер-министр Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты

22 Маусым 2020, 16:28
1525
Бөлісу:
Премьер-министр Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызының қайтыс болуына байланысты ҚР премьер-министрі Асқар Мамин көңіл айту жеделхатын жолдады.

Құрметті Тимур Асқарұлы!

Орны толмас ауыр қайғыға душар болуыңызға – аяулы анаңыз Раиса Алдабергенқызының өмірден өтуіне орай қатты қайғырып көңiл айтамын.

Әулеттің құты, шаңырақтың алтын діңгегі, босағаның бағы – Ананы жоғалту әркімге де ауыр. Осынау қиын сәтте қайғыларыңызды бөлiсемiн.

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын, - делінген жеделхатта.


Өзгелердің жаңалығы