Ешкімді аяп жатқан жоқ: Мәдина Сәдуақасова коронавирус туралы айтты

22 Маусым 2020, 13:37
1865
Бөлісу:
Ешкімді аяп жатқан жоқ: Мәдина Сәдуақасова коронавирус туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова коронавирус бар екені рас деп отыр.

Көрерменсіз концерт концерт пе?! Адамдардың энергетикасы, күлімдеп тұрған көздері, эмоциялары, әніңе қосылып ән шырқайды, сыйлаған гүл шоқтары, шапалақтары... Концерттен кейін шығып бәрімен суретке түсесің, арасында сұрақтарға жауап бересің, автограф жазып бересің , тілектерді "өлтіріп", қалжыңдасасың!...Осы ғой нағыз өнер адамына керегі, - дейді әнші. 

Ол коронавирус індеті бар, сондықтан карантин талаптарына бағынайық деп отыр.

Карантинге бағынуымыз керек, өйткені, вирус бар! Ешкімді аяп жатқан жоқ, біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр! Сақтанайық, абай болайық, ауырып жатқандарға емдері шипа болсын, жақсы күндер болады алдымызда, күтейік, сабыр сақтайық! Ал осындай телеконцерттердің ұйымдастырушыларына рахмет үлкен, телевидение арқылы болса да көрерменемен қауыштырып жатқандарыңыз үшін!Амандықта, саулықта, концерттерде жолығайық, ағайын!, - дейді Мәдина.
Өзгелердің жаңалығы