Алматының "Жайлы қалалық орта" басқармасына жаңа басшы тағайындалды

22 Маусым 2020, 12:57
1389
Бөлісу:
Алматының "Жайлы қалалық орта" басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Сапар Нұрашев Алматының "Жайлы қалалық орта" басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сапар Нұрашев 1975 жылдың 19 қаңтарында туған. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін, ал 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1966 жылы Алматы қаласындағы "Темір агроөндіріс фирмасы" ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.

2002 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматыдағы "БН Азия Альянс" ЖШС, "Асыл құрылысы" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдан 2019 жылдар аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, бас маман, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Күні бүгінге дейін "Жайлы қалалық орта" басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Өзгелердің жаңалығы