COVID-19: Әлемде бір тәулікте 183 мың адам вирус жұқтырған

22 Маусым 2020, 09:24
1111
Бөлісу:
COVID-19: Әлемде бір тәулікте 183 мың адам вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде тәулігіне вирус жұқтыру жағынан антирекорд орнады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сайты хабарлады.

Әлемде коронавирусқа қатысты жағдай ушыға түсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген мәлімет бойынша, соңғы тәулікте COVID-19 183 мың адамнан анықталған. Бұл - рекордттық көрсеткіш. 

Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 8 миллион 700 мың адамға жетті. Әсіресе, Солтүстік және Оңтүістік Америкадағы жағдай аса күрделі. 

Бұған дейінгі рекорд 20 мамырда тіркелген еді. Ол кезде бір тәулікте 106 мың адам коронавирус жұқтырғаны белігілі болды.

Өзгелердің жаңалығы