Түркістан әкімі коронавирус жұқтырып алды

22 Маусым 2020, 14:04
1532
Бөлісу:
Түркістан әкімі коронавирус жұқтырып алды

Алматы, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бұл жайында Facebook-тегі парақшасында жазды.

Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары! Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр. Жұмыс барысымен, күнделікті, адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде. Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді,-деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратынын жазды.

Өзгелердің жаңалығы