Шымкентте "ақылды күнбағыс" жүйесі іске қосылды

22 Маусым 2020, 13:24
2056
Бөлісу:
Шымкентте "ақылды күнбағыс" жүйесі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ақылды қалалар" эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында "Ақылды күнбағыс" ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. 

Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

"Ақылды күнбағыс" кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ - 3, Металлург саябағы - 3, Жеңіс саябағы - 3, Дендро саябағы - 3, Қошқар ата - 2.

Өзгелердің жаңалығы