Коронавирустан көз жұмғандар саны 127-ге жетті

22 Маусым 2020, 22:15
1007
Бөлісу:
Коронавирустан көз жұмғандар саны 127-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы - 1967, 1956, 1962 және 1975 жылдары туған ер азаматтар, 1967 және 1951 жылы дүниеге келген әйел адамдар,
Қостанай облысы - 1949 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 127 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 38

Алматы қаласы – 20

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 8

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 8

Өзгелердің жаңалығы