Все новости за 24 қараша 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбе облысы бойынша азық-түлік бағасы шарықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша қант, жұмыртқа, қарақұмық, өсімдік майы қымбаттады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
COVID-19: Түркияда бір тәулікте 150-ден астам адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирустық инфекциямен ауырған науқастар арасындағы тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті: соңғы тәулікте 153 адам қайтыс болды.
-
Елордада серуендеуге болатын жаңа қоғамдық орындар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша биыл ауқымды жұмыстар елорданың әр ауданында жүргізілді. Тұрғындар да қаланың бос жатқан және қараусыз қалған жерлер санын едәуір азайғанын айтады.
-
Атыраулық оқушылар үзілісте Абай әндерін шырқайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы мектептерінің бірінде оқушылар үзіліс кезінде Абай әнін шырқайды, деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
-
Қазақстан мен Канада аграрийлері ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы және агротехнология саласындағы жұмыс тобының онлайн отырысымен «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесі шеңберіндегі жұмыс топтарының салалық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
-
Арыста 2 мың адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 2020 жылдың 10 айында негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 12 млрд 118 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінмен салыстырғанда 133,9% артты.
-
ҮЕҰ-мен сауда саласының өзекті мәселелерін талқыладық – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, менің ойымша, өте маңызды іс-шара өтті. IX Азаматтық форум аясында біз салалық үкіметтік емес ұйымдармен сауда саласының өзекті мәселелерін талқыладық, деп жазды әлеуметтік желіде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
-
БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан вирус анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 23 қарашада Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, Ресей мен Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы.
-
Женевада Ауғанстан мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Женевада Ауғанстан бойынша халықаралық донорлық конференция өтті. Іс-шара халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналды.
-
Қазақстан мен Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары ынтымақтастықты нығайтуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Гонконгтағы Бас консулының ықпалдасуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының комиссары Саймон Пэмен онлайн кездесуі өтті.
-
Имам әл-Матуридидің «Таухид кітабы» жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен MUFTYAT баспасынан Әбу Мансұр Имам әл-Матуридидің «Таухид кітабы» жарыққа шықты.
-
Елордада бірнеше рет ұрлық жасаған адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын сотты болған 24-жастағы азамат пәтер тонаудан бастап, тұрғындардың ұялы телефондарын ұрлаумен айналысқан. Қазіргі күні ұрлықтың сегіз фактісі анықталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан цифрлық валютаны енгізу мәселесін зерттеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасындағы орталық банктің цифрлық валютасын енгізу туралы мәселені зерттеуді қолға алды.
-
Несие тарихы қанша уақыт сақталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Несие тарихы – бұл сіздің қарыз алушының досьесі, онда сіздің барлық несиеңіз және бөліп төленетін сатып алу туралы жазбалар бар.
-
Профессионалдар. Қаржыгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы саласында қызмет ету қырағылық пен ұқыптылықты қажет ететіні мәлім. Себебі қомақты қаражатпен жұмыс істеу оңай шаруа емес болса керек. Қазір білікті білімді жастар қатары артып отырғанын да жоққа шығаруға болмайды. Бүгінде екінші дәрежелі банкте жұмыс істеп жүрген жас маманның пікірін білдік. Бүгінгі профессионал – қаржыгер Аяулым Жақсылықова.
-
Министр: Әлеуметтік қорғаудағы, денсаулық сақтаудағы, білім берудегі ұлттық стандарт әртүрлі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы аясында бейінді ҮЕҰ-мен онлайн-кездесу өткізді, оның барысында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу бойынша тәсілдер талқыланды.
-
Жедел-жәрдем стансасына 77 көлік берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасына 77 санитарлық көлік берілді. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, отандық өндірістегі жедел-жәрдем көліктерінің жасақталуымен танысты.
-
Көшербаев Мемлекеттік наградалар кімдерге берілетінін ақылдасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 24 қарашада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
-
«Nur Otan-ның» сайлауалды бағдарламасы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сонымен бірге, белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер талқылады.
-
Пәтер тонаушы «сантехник»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам сантехникпін деп пәтерге кіріп, үй иесінің ақшасын ұрлап алған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Үй дайын, кілт жоқ. Бір топ наразы тұрғын әкімдікке баса-көктеп кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерге қол жеткізген тұрғындар кілттерін ала алмай жүр. Осыған дейін де осы мәселе бойынша шарқ ұрған тұрғындар бүгін әкімдіктің алдында жиналды.
-
78 жастағы ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шиномонтаж шеберханасынан автомобиль дискілерін ұрлаған елордалық зейнеткердің қылмысы бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
«СҚ-Фармация» 85 медициналық ұйымды дәрілік заттармен қамтамасыз етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қоғам белсенділерімен бірге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталған «СҚ-Фармация» логистикалық хабының қоймасына барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қорына мониторинг жүргізді.
-
Түркістан облысында «Жүргізуші, жол бер!» акциясы өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт сөндіру қызметтік көліктеріне жол бермеу салдарынан, көмекке шақырған тұрғындардың көпшілігіне көмек кешігіп барады. Тіпті кейбір көліктердің өрт сөндіру көліктеріне соқтығысуынан жол апаттары да жиі орын алып жатады.
-
Жыл басынан бері елордада медқызмет сапасына қатысты 18 304 кемшілік анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отырады.
-
Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Шиелі ауданында мас күйінде көлік басқарып жүрген облыс орталығының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Оқиғаның қоғамның ашуын тудыруы орынды – министр Алматыдағы ағаш кесу фактісі туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы қаласында орын алған ағаш кесу фактісіне қатысты пікір білдірді.
-
АШМ фермерлерге ЕАЭО елдері ірі сауда желілерімен келісімшарт жасауға көмектеспек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков еуразиялық интеграция аясында Қазақстанның АӨК дамуы туралы баяндады.
-
Түркістан облысында жоғалған 10 жасар қыз отбасымен қайта қауышты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс АПБ-не жергілікті тұрғын өзінің жасөспірім қызының жоғалып кеткендігі туралы арызданды, деп хабарлады ТО ПД-нің баспасөз қызметі.
-
Қазақстандық гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбаев мүсінін мүсінші-гиперреалист, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов ұлы ақынның 175 жылдығына арнап жасаған.
-
Астанада жануарларды қорғау жөніндегі Кеңес өз жұмысын бастады
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Елордада жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық Кеңес өз жұмысын бастады. Қалалық әкімдіктің жанынан құрылған кеңеске жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ветеринарлар кірді.
-
IX Азаматтық форум. «ҮЕҰ академия» жобасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы өтіп жатыр.
-
Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты анаға көмек қолын созды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Исабеков Нұрланның бастауымен және жеке құрам қызметкерлерімен бірлесе отырып, үлгі боларлық іс атқарды.
-
Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанға не берді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова баяндап берді.
-
ШҚО-дағы карантиндік шектеулер 8 желтоқсанға дейін созылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
-
Министрлік өкілі одақ аясында еркін саудаға кедергі келтіретін факторлар жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі сауда кедергілерінің басым бөлігі Ресей еліне тиесілі.
-
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетелдік жұмыс істеп жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 832 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асыруда.
-
«World Wide Minerals» дауы: Англия Жоғарғы соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 23 қарашада Англияның Жоғарғы соты Қазақстанға қарсы «World Wide Minerals» канадалық компанияның және Пол А. Кэрролдың талабы бойынша осыдан бұрын шығарылған төрелік шешімнің күшін жойды, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Тоғжанов КВИ-ге қарсы вакцина шығаратын зауыт құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай өңірінде барды.
-
Өскеменде пульмонология орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығындағы жедел жәрдем көрсету ауруханасының жанынан ашылатын пульмонологиялық орталықтың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлады Алтайньюс.
-
ДДСҰ пандемияны тоқтатуға үміт барын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакциналар мен денсаулық сақтау саласындағы қолға алынған шаралар COVID-19 пандемиясына тоқтау қояды деген үміт бар.
-
Жамаубаев бюджет жыртығын жамауға екі банктен 1,5 млрд еуро алмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін Қазақстан Азия Даму банкінен 908,6 миллион еуро және Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен тағы 661,8 миллион еуро қарыз алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев айтты.
-
Сырттағы біраз ел қазақ астығынан дәмелі – Бекболат Тілеухан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан айтты.
-
«Birgemiz: Bilim». Ұлттық жоба ШҚО-да қалай жүзеге асырылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облсының Білім басқармасының жетекшісінің орынбасары Қажымқан Оспанғалиев «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру аясында өткен қорытынды конференция барысында айтты.
-
Президент Алматыда ағаш отағандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
-
Еріктілік арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру көзделген – Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстарының ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету, ҰБТ-ға дайындық, ерікті түрде көмек көрсету үшін «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру аясында қорытынды конференциясы өтті.
-
Атырау облысында мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
ОСК: Сайлаушыларға өз сайлау учаскесінен өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына қатысты Орталық сайлау комиссиясы үндеу жасады. Үндеудің мәтінін ұсынамыз.
-
Сағынтаев Алматының экологиялық мәселесі туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің онлайн отырысында Алматы қаласының экологиялық ахуалы жайында баяндады.
-
Шығыс Қазақстанда 500-ге жуық оқушы коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 500-ге жақындады, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Бәрін жабыңдар. Асқар Мамин ашуланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрін жабу жөнінде министрлік пен әкімдерге тапсырма берді.
-
Қазақстандағы машина жасау: жай-күй мен әлеует
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Машина жасау саласы еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басым саласы болып есептеледі. 2000 жылдан бастап Қазақстанда машина жасау өндірісінің көлемі 24 есеге өсіп, 2019 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 892,1 млрд теңгені құрады. Ал биыл осы кезең бойынша оның көлемі 1,2 трлн теңгеге тең. Ендеше, саладағы биылғы көлем мен көрсеткіш туралы оқи отырыңыз.
-
Экология министрі Алматыға байланысты уәде берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында Алматы қаласының экологиялық ахуалына тоқтады.
-
Мамин Энергетика министрлігіне бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет онлайн отырысында айтты.
-
Нұр-Сұлтан ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалардың көшін бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында елімізде атмосфералық ауа-райы ластанған қалаларды атады.
-
Министр газдандыруға қанша теңге бөлінгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет онлайн отырысында айтты.
-
Соңғы 5 жылда газ тұтыну көлемі өсті – Ноғаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.
-
Өткен тәулікте індеттен бір адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
-
Қазақстан қалаларындағы метеожағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қараша, сейсенбі күні республиканың бірқатар қаласында ауа сапасының ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Өткен тәулікте 840 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 840 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 678 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 678 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Ресейде байларға салынатын салық көлемі өсетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа заңға президент Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қызылордада 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан былай Сыр елінде балық экспорты жаңа деңгейге көтеріледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылорда өңірінде 2023 жылға дейін 265 жоба іске асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму Картасы» әзірленді. Оның аясында экономиканың түрлі салаларында 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба іске асырылады, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістан: Келесте индустриалды инновациялық даму бағдарламасымен 2 жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысы Келес ауданында индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 771 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Игорь Сон ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Шымкенттіктер 63 мыңнан астам жүргізуші куәлігін рәсімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚКО-да 2020 жылдың 10 айында 290 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 63 394 жүргізуші куәлігі берілген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Гриль ішіне телефон тығып өткізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте түрмеге сәлемдеме арқылы телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Күріш өндіру көлемі 15 мың тоннаға артты – Қызылорда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақта 2,3 млрд текше метрді құрайтын 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
«Покер» ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотталушы қала орталығы Д. Қонаев көшесі бойынан пәтер жалға алып, көлеңкелі бизнесін дөңгелеткен.
Наверх