Қызылорда өңірінде 2023 жылға дейін 265 жоба іске асады

24 Қараша 2020, 06:34
2107
Бөлісу:
Қызылорда өңірінде 2023 жылға дейін 265 жоба іске асады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму Картасы» әзірленді. Оның аясында экономиканың түрлі салаларында 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба іске асырылады, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бұл өз кезегінде 4600 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылғы жылға 26 млрд. теңгені құрайтын 110 жобаны жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде, 2 мың азамат жұмысқа қамтылады.

Аймақта төрт түлік малдың еті, сүті, жүнін кәдеге асырып, оны қайта бағыттау бизнесі жолға қойылып келеді Сонымен қатар біздің өңірде 25644 көпбалалы ана бар. Оларды да бизнеске тартудамыз. «Еңбек» бағдарламасы арқылы аналардың бизнес идеяларын жүзеге асыру мақсатында 602 көпбалалы анаға грант бердік, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Мұнымен қоса, ерлер жейдесін тігумен айналысатын «Далатекс» ЖШС-мен бірлесіп маңызды жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында 123 әйел тігін шеберлігіне оқытылуда. Оларға тігін машиналары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға 555 мың теңгеден гранттар беріледі. Оқыған азаматшалар жеке кәсіп ашып, аталған компаниямен келісімшартқа қол қойып, үйде жұмыс істей алады.

 


Өзгелердің жаңалығы