Мамин Энергетика министрлігіне бірқатар тапсырма берді

24 Қараша 2020, 10:18
1304
Бөлісу:
Мамин Энергетика министрлігіне бірқатар тапсырма берді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет онлайн отырысында айтты.
 

Әлемдің энергетика нарығын талдау газ өнеркәсібі энергиясын тасылмалдаушыларының өзге түрін өндіру мен  тұтынуға қарағанда қарқынды дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Қазақстанда да осындай жағдай байқалады. Осы жылы тұтыну 16,5 млрд текше метрге дейін артады деп күтілуде. Электр энергиясын өндіру үшін газ 50%, коммуналдық тұрмыстық сектор 36%, өнеркәсіп 14%-ті пайдаланатын болады, - деді Үкімет басшысы. 

Оның сөзінше, биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру көрсеткішісі 53%-ке дейін жоспарланған. 

9,8 млн адам табиғи газға қол жеткізе алады. Сондай-ақ, 2025 жылы газдандыру деңгейі 60%-ке жетіп, 2 120 елдімекен немесе 11,7 млн тұрғын қосылады. Бұған «Сарыарқа» жобасының екінші және үшінші кезеңдерінің іске асырылуы, ШҚО-ны газдандыру және өңірлік желілерді кеңейту мен реконструкциялау ықпалын тигізеді, - деп атап өтті Асқар Мамин. 

Премьер-министр Энергетика министріне елдімекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыру керек екенін айтты. 

Сонымен қатар бірқатар маңызды мәселе бар. Соған назар аударғым келеді. Ең алдымен, газды тұтынудың жыл сайынғы өсімін ескеріп, газдандырудың бас схемасын жаңарту керек. Осы ретте демографиялық факторды, өнеркәсіптің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін, экспорттық перспективаларды және қолданыстағы міндеттемелерді ескеру қажет. Сондай-ақ, бұл инвесторлар үшін де маңызды. Себебі шикізат базасын, әсіресе газдың жеткілікті болуы нарыққа  кірудің негізгі шарттарының бірі, - деді ол. 

Осы ретте Мамин Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін газдандырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында 2021 жылдың 1 наурызына дейін «Сарыарқа» газ құбыры жобасының екінші және үшінші кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық және экономикалық негіздемелерді жаңартып, сараптамаларды алуды тапсырамын, - деді Мамин. 

 

Сондай-ақ, Үкімет басшысы бүгінгі күні өңірлерді газбен жабдықтау объектілерінің саны 1000-нан асатынын және олар қайта жаңғыртуды қажет ететінін айтты. 

Еске сала кетейік, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев соңғы 5 жылда газ тұтыну көлемі өскенін айтты. Ол  2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын өңірлерге тоқталды.


 


 

Өзгелердің жаңалығы