Президент Алматыда ағаш отағандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды

24 Қараша 2020, 11:39
1458
Бөлісу:
Президент Алматыда ағаш отағандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. 

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын, - деп жазды Берік Уәли.
Өзгелердің жаңалығы