Министр газдандыруға қанша теңге бөлінгенін айтты

24 Қараша 2020, 09:44
2230
Бөлісу:
Министр газдандыруға қанша теңге бөлінгенін айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет онлайн отырысында айтты.

Министр Үкімет отырысында елді газдандыру жұмысы да өсіп жатқанын айтты.

Елді газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру аясында жыл сайын мемлекеттік бюджеттен газдандыруға қомақты қаражат бөлінеді. 2020 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша елді газдандыру деңгейі 51,47%-ті құрады немесе 9,5 млн адам көгілдір отынға қол жеткізді. Осы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53%-ке өсіру күтілуде. Яғни 2015 жылмен салыстырғанда 10%-ке артады. 2015-2020 жылдары аралығында газдандырылған елдімекендердің өсімі 286-ны, ал халықтың өсімі 2,4 млн адамды құрады, - деді ол. 

Нұрлан Ноғаев  2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын өңірлерге тоқталды.

Атырау облысы 99,6%, Маңғыстау облысы 99%, Алматы қаласы 98,8%, БҚО 96,2%, Шымкент қаласы 92,1% және Ақтөбе облысы 90,1%. Елімізде 6 162 елдімекеннің 1 468-і газдандырылған. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда 1 334 магистральды газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынған. Магистральды газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады, - деп атап өтті ол. 

Министр өз баяндамасында 2015-2020 жылдар кезеңінде Республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде соңғы 2 жылда 76 млрд теңге бөлінгенін айтты.

 

Газдандырудың кейбір жобалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау инистрлігінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бюджеттік бағдарламасы есебінен іске асырылуда. 2020-2021 жылдары 8 өңірде 22,5 млрд теңгеге 58 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 51 жобаны ағымдағы жылы және 7 жобаны Алматы облысында 2021 жылы аяқтау жоспарлануда, - дейді министр онлайн отырыста. 


 


 

Өзгелердің жаңалығы