Игорь Сон ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды

24 Қараша 2020, 04:41
1605
Бөлісу:
Игорь Сон ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Биылғы ел біріншілігі онлайн форматта өтіп жатыр. 

Жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының өкілі Игорь Сон аталған салмақ бойынша жеңіске жетті. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 301 (136+165) келіні бағындырды. Екінші орынға 269 (120+149) келіні бағындырған қостанайлық Алексей Чуркин, ал үшінші орынға 265 (120+145) келіні көтерген қызылордалық Айдос Тұрсынбай жайғасты. 

Айта кетерлігі, Игорь Сон 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы