«СҚ-Фармация» 85 медициналық ұйымды дәрілік заттармен қамтамасыз етеді

24 Қараша 2020, 16:37
1828
Бөлісу:
«СҚ-Фармация» 85 медициналық ұйымды дәрілік заттармен қамтамасыз етеді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қоғам белсенділерімен бірге дәрілік заттар мен медициналық  бұйымдар сақталған «СҚ-Фармация» логистикалық хабының қоймасына барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қорына мониторинг жүргізді. 

Аталмыш шара коронавирустың болуы мүмкін екінші толқыны жағдайында халықты дайындық жағдайы туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Мониторинг барысында «СҚ-Фармация» басшысы Ерхат Есқалиев БАҚ өкілдеріне компанияның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Елордада Бірыңғай дистрибьютор арқылы 85 медициналық ұйым (оның ішінде республикалық клиникалар – 5, қалалық маңызы бар медициналық ұйымдар – 80) қамтамасыз етіледі. Тауарды медициналық ұйымдарға жөнелту Нұр-Сұлтан қаласының тарату хабынан жүзеге асырылады. Хаб Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы үшін жеткізушілерден тауардың үлкен көлемін алуға және 2 айдан 6 айға дейінгі көлемде тауарды сақтауға арналған. Елордалық хабқа жеткізу апта сайын жеткізушілерден кестеге сәйкес жүзеге асырылады. 2020 жылға қаланың 85 тапсырыс берушісімен қосымша өтінімдерді ескере отырып, жалпы 16,77 млрд теңгеге дәрілік заттарды (ДЗ) және медициналық бұйымдарды (МБ) жеткізуге 915 сатып алу шарты жасалды. Іс жүзінде ағымдағы сәтте Бірыңғай дистрибьютор 16,77 млрд теңге жоспар кезінде (ағымдағы жоспардан 96%) 15,64 млрд теңге сомасына көлем тиеді, - деді ол.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекция бойынша пациенттерді емдеу шеңберінде 2,40 млрд теңге сомаға (пандемия басталғалы бергі кезеңде) ДЗ және МБ тиелді. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарға жөнелту жоспарлы режимде жүріп жатыр. Медициналық ұйымдардағы ДЗ айлық қажеттілік көлемінде болады. Қажет болған жағдайда мерзімінен бұрын жөнелту жүзеге асырылады. 

Амбулаториялық деңгейде-2020 жылға 38 медициналық ұйым 13,7 млрд теңге сомасына ДЗ және МИ сатып алу бойынша өтінім ұсынды. Қазіргі сәтте берілген қосымша көлемді ескере отырып, 10,94 млрд теңге тиелді (97%). Бекітілген халықты қамтамасыз ету фактісі - 8,59 млрд теңге сомасында (жөнелтілген тауардан 78,26%). Медициналық ұйымдардағы дәрілердің қалдығы 2,33 млрд теңге, - деді Есқалиев.

Айта кету керек, ҚР ДСМ амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектер тізімін кеңейтті. АЛО тізбесіне ДЗ-ның 5 атауын қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді. ПТР-тест нәтижелеріне қарамастан, аурудың жеңіл ағымы кезінде COVID-19 диагнозы қойылған пациенттер тіркелген жері бойынша өз емханаларында, емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша ыстықты төмендететін дәрілер мен антикоагулянттар (Парацетамол, Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран) алады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 287,9 млн теңге сомаға препарат келіп түскен. Оның 26,33 млн теңге сомасына пациенттер, 261,57 млн теңге сомасына емханалардағы қалдықтар қамтамасыз етілді.

Бұдан басқа, күзгі-қысқы кезеңде КВИ ауруынының көтерілу кезеңіне дайындық мақсатында Бірыңғай дистрибьютор COVID-19 бойынша ДЗ екі айлық қорын (төмендетілмейтін қор) қалыптастырды. CОVID-19 дерті бойынша ҚР ДСМ болжамы негізінде айына 60 мыңға жуық пациентті стационарларда емдеу үшін 8,2 млрд теңге сомасына 44 дәрілік заттар атауы бойынша сатып алу рәсімдері жүзеге асырылуда. 

Оның ішінде 6,25 млрд теңгеге  дәрілік заттардың 41 атауы (түрлі сауда атауларымен «Амикацин», «Имипенем+цисплатин», «Цефтазидим» және «Цефуроксим») сатып алынды. Олар Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары) жеткізу кестесіне сәйкес жеткізіледі. Препараттардың бұл тобы бір-бірін алмастырады және аурудың ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер тағайындайды.

Өзгелердің жаңалығы