Бәрін жабыңдар. Асқар Мамин ашуланды

24 Қараша 2020, 10:43
29345
Бөлісу:
Бәрін жабыңдар. Асқар Мамин ашуланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрін жабу жөнінде министрлік пен әкімдерге тапсырма берді.

Біріншіден, Экология министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жол карталарының іс-шаралары белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін. Жұмыстың орындалуына нақты мониторинг жүргізсін және тұрақты негізде халықпен кездесу өткізсін. Екіншіден, экология мәселелерін шешуде қоқысты рұқсатсыз төгуді және полигондарды бақылау мәселесі маңызды фактор. Бүгінгі күні өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықты жеткізуге арналған 3,5 мың орын бар. Оның ішінде тек 620 ғана оларға талапқа сай. Экология министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, рұқсатсыз қоқыс төгілген жердің бәрін жабу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды және де ресурсы сарқылған полигондарды жабуды тапсырамын,- деді Асқар Мамин. 

Ол үшіншіден Қазақстан 2016 жылы климатқа қатысты Париж келісімін ратификациялағанын, парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 2030 жылы 15 пайызға қысқарту жөнінде сөзсіз міндеттемелерді қабылдағанын айта кетті. 

Ол үшін қазіргі уақытта 2050 жылға дейінгі Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қазірден бастап парник газының шығарынды өсімін төмендету жөніндегі жұмыс қарқынын үдету керек. Осыған орай Экология министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Тұжырымдаманы әзірлеуді тездетсін және оның жобасын келесі жылдың екінші тоқсанында Үкіметке енгізсін,- деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы