78 жастағы ұры ұсталды

24 Қараша 2020, 16:55
1267
Бөлісу:
78 жастағы ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шиномонтаж шеберханасынан автомобиль дискілерін ұрлаған елордалық зейнеткердің қылмысы бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Таңертең ерте шиномонтаж шеберханасының жанынан өтіп бара жатқан 78 жастағы елорда тұрғыны қақпаның ашық тұрғанын және үй-жайдың қараусыз қалғанын байқаған. Адамдардың жоқ екенін пайдаланып, зейнеткер екі автомобиль дискісін жымқырған және белгісіз бағытқа қарай кетіп жасырынған.

Ұрлық жасалғанын анықтаған шиномонтаж шеберханасының жұмыскерлері полицияға жүгінген. 

Күдіктінің жеке басын анықтау барысында полицейлер зейнеткердің қылмыс жасалған орыннан кетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын байқаған. Сонымен қатар күдіктінің автомобиль дискілеріне қызығушылық танытып, шиномонтаж шеберханасына келгені анықталды, - делінген хабарламада.

Анықталып, жауап алынған зейнеткер мойындау айғағын берді. Ол бұған дейін жеке мүлік ұрлығын жасағаны үшін 2015 жылы қылмыстық жауаптылыққа тартылған. 

Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Автомобиль дискілерін ұрлаушының елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы