Все новости за 14 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Павлодарлық еріктілер карантин талабын бұзған 342 жағдайды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде еріктілермен бірге рейдтік шаралар жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өңірде шектеулі карантиндік шаралар әлі күшінде, бірақ барлық кәсіпорындар мен ұйымдар карантиндік режимді сақтамайды.
-
Шығыста кенеден зардап шеккендер саны көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ШҚО-да кене энцефалиті бойынша медициналық ұйымдарына кене шағу бойынша медициналық көмекке 3974 адам жүгінді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 35% құрайды.
-
Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде 14 қазанда үкімет мүшелерімен болған жиында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
-
Қазғарыш пен Түрік ғарыш агенттігі меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік ғарыш агенттігінің делегациясы 2020 жылғы 12-14 қазан аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
-
Биыл мүгедектерге жәрдемақы төлеуге 218,4 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 218,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 54,8 млрд теңге бөлінді.
-
«Айбын-2020» әскери-патриоттық жиыны жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осымен үшінші апта «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн режимде жалғасуда. Бұл формат өткен жылдарға қарағанда барлық қатысушылар мен көрермендерге ұнады.
-
Қазақстан АЭХА-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директорының орынбасары – кепілдіктер департаментінің директоры Массимо Апаромен кездесті.
-
Бұқар жырау ауданында 350-ден астам отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысын әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданын аралады.
-
Санитарлық талап. Елорда мектептері тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтанда барлығы 105 мектеп тексерілді, оның 89-ы мемлекеттік, 16-сы жекеменшік. Сондай-ақ 10 мемлекеттік және 19 жекеменшік балабақша тексерілді.
-
Түркістан облысында күн электрстанциясы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болып, халықты газ, жарық пен жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалармен танысты.
-
Әкім: Қарағанды-Қарқаралы тас жолының сапасы жақсарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысын әкімі жеңіс Қасымбек Қарқаралы ауданында барып қайтты. Сапар барысында әлеуметтік нысандарды қайта құру және тұрғын үй салу, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстардың барысы тексерілді.
-
Әбдіқалықова «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады.
-
Елордада екі мыңға жуық ерікті бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен еріктілер жылы болып жарияланды.
-
Қарағандыда Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта ілінді.
-
Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) өзінің инстаграмында келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады.
-
Министрлік Ақбұлақ өзені бойынша тексеру жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Нұр-Сұлтандағы Ақбұлақ өзені бойынша тексеру жұмысын бастады.
-
Елордада «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» турнирі өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» дебат турнирінде біріншілікке таласады.
-
Нұр-Сұлтан мен Ұлан-Батыр екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бейнеконференция режимінде Қазақстан мен Моңғолия арасында кезекті сімаралық саяси консультациялар өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Қызылорда облысында 777 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланып, кәсіп дамытуды қолға алған тұрғындардың қатары көбейіп келеді. Дәлірек айтқанда, биыл облыста «Бастау» жобасын оқыған 777 адам кәсібін ашып отыр.
-
Алматыда 12 пәтерді тонаған ағайынды жігіттер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ағайынды екі жігіт 12 пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Созақ ауданында түйе шаруашылығы жанданып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі - түйені көбейту қолға алынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Президент Алик Шпекбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде есеп берілді.
-
Мемлекет басшысы Роза Мұқанованы құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал жазушы, драматург Роза Мұқанованы туған күнімен құттықтады.
-
Күндерім көңілсіз өтіп жатты – отбасылық демалыс орнына саяхат жасаған балалар әсерлерімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Q Charity» қоғамдық қоры әр сәрсенбі сайын балаларды елорданың отбасылық демалыс орталығына саяхаттатып, қуаныш сыйламақ. Бүгін алғашқы саяхатқа мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік әлсіз топқа жатқызылатын отбасынан шыққан 30 бала шақырылды.
-
Ақсу қаласындағы оңалту орталығы қайта іске қосылды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде пандемия салдарынан жұмысы бес айға тоқтатылған оңалту орталығы қайта іске қосылды.
-
Ертіс өңірінде 9 айдың ішінде 700-ден астам интернет алаяқтығы тіркелді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде интернет арқылы адам алдау деректері көбейді. Жыл басынан бері 700-ден астам алаяқтық фактісі тергелуде.
-
Қазақстан мен Люксембург арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы хаттама ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әл-Фараби антикалық және Ислам философиясын байланыстыра білді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі Жақыпбек Алтаев «Ұлы ғұлама әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы» атты халықаралық онлайн конференция барысында айтты.
-
Қандай жағдайда пошта жөнелтілімдеріне баж салығы төленбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық поштамен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары туралы айтып берді.
-
Қазақстан корейлік рамен импортына тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Республикасының Бас санитарлық дәрігері құрамында соя бар тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шараларды енгізді.
-
Әл-Фараби – Ислам әлемін өркениет деңгейіне көтерген ғалымның бірі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ыстамбұл университеті әл-Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Абдулла Қызылжық «Ұлы ғұлама әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы» атты халықаралық онлайн конференция барысында айтты.
-
Альберт Фишлер: Әл-Фараби үшін музыка – физикалық феномен
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби математика мен физика сынды екі тұжырымдамаға сүйенген. Бұл туралы франциялық профессор Альберт Фишлер Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы ғұлама әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы» атты халықаралық онлайн конференция барысында айтты.
-
Ертіс өңірінде құстардың жаппай қырылуы тоқтады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде құс тұмауынан қанаттылардың жаппай қырылуы тоқтады. Бұл туралы сала мамандары мәлімдеді.
-
Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айының 4-і күні Гуанчжоу қаласында үйлену тойы өтті. Бас қосқан жастар той тақырыбын Димашқа арнаған.
-
Республика бойынша тазалық акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республика көлемінде өткен «Таза әлем» тазалық акциясына қатысты.
-
22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында хабарлады.
-
Байбек қостанайлықтарды алаңдататын өзекті мәселелермен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда.
-
Енді eGov.kz көліктің нөмірі мен куәлігін үйге жеткізіп береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті тікелей үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
-
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайрат Исатайұлы Миятов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
-
Сегіз айда 5 132 көлік ұрланды – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов соңғы кездері автокөліктердің жиі ұрланып жатқанын айтып, дабыл қақты.
-
Түркістанда жоғалып кеткен бойжеткен Сарыағаштан табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданының полиция бөліміне ер адам келіп, 18 жастағы қызының сағат күндізгі 11:40 шамасында көршісінің үйіне шығып кетіп, содан қайта оралмағандығын айтып, арызданған.
-
Ұлттық тауар өткізу жүйесі бойынша екі ел қатар жүруде – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құра отырып, біз алғашқы кезеңдерде көрші елдердің ұқсас жүйелерімен байланыстыру мүмкіндігін кешенді түрде бағаладық. Мемлекет басшысы Еуразиялық одақтағы әріптестеріне елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маңызды жобаға айналатын ортақ тарату жүйесін құруды ұсынды, деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
-
Полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласы полиция бөліміне жергілікті тұрғын есірткі затын аса ірі көлемде сақтаумен және сатумен айналысатындығы туралы ақпарат келіп түсті.
-
Үш күн ішінде 100 мың отбасыға көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 72 814 адамға «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден берілді. Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан және Орал сияқты 16 қаланың тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекті алып үлгерді.
-
Ұлттық ұлан Тағзым эстафетасын тәмамдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі базасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Біз-Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасының жабылу салтанаты өтті. Эстафета атрибуты Жауынгерлік Тудың көшірмесі Алматы әскери-тарихи музейіне табысталды.
-
Масканы шешпе! Алматы полициясы түсіндіру жұмыстарын күшейтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының полиция қызметкерлері арнайы мониторинг топ құрамында жүріп, карантиндік стандарттардың сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
-
Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті.
-
Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды.
-
Елордадағы Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттары келісімімен Байкен Есет Берікұлы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.
-
COVID-19 пандемиясы жайлы кітап жарық көрді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде коронавирус пандемиясына қарсы күрес нәтижелеріне арналған алғашқы кітап жарық көрді. «Өмір үшін» деп аталатын жинақ облыстық фтизиопульмонология орталығында өткен халықаралық конференцияда таныстырылды.
-
Жалпы республикалық карантин қашан енгізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі инфекциялық ауруханалардың төсек орын қоры 70 пайызға дейін толып кетсе, карантин шаралары қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен олнайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Қазақстан қоқысты неге ақшаға айналдыра алмай отыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі күні еліміздің полигондарында 40 млрд тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. Жыл сайын оның үстіне 5 миллион тонна қоқыс қосылып отырады. Ал өңделетіні тек 15 пайыз.
-
Науқас балалармен байланыста болған 29 адам коронавирусқа шалдықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 184 жағдайы расталды, оның 73-і кезекші сыныптарда оқиды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті.
-
Ұлытау сапары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақшам уақыты. Баспасөз-турына жиналған бір топ журналист шағын автобуспен елордадан шығып кеттік. Нұр-Сұлтан-Теміртау ақылы тас жолының бір кедірі жоқ, зулап келеміз.
-
Қалай пәтер алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалалық әкімдікте өткен онлайн брифингте «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әсел Какетаева «Нұрлы жер» бағдарламасының ережері мен шарттарын түсіндіріп берді.
-
Вирусты жұқтыру көрсеткіші жоғары өңірлерде карантиндік шараларды күшейту қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдігі де карантиндік шараларды күшейтулері қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті.
-
Шекарадағы санитарлық бақылауды күшейту қажет – Ерлан Қиясов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірқатар елде эпидемиологиялық жағдай нашарлауда және Қазақстанға коронавирус инфекциясының сырттан тасымалдануына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе қатынасын азайтуды ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.
-
Мәжіліс қарыздық еңбекті реттеу бойынша заң жобасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы мақұлданды.
-
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғат Уәли ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.
-
Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы. 1500 адамның өтініші мақұлданды
Енді жобаға 2016-2017 жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады
-
«Нұрлы жер». 244 пәтерге 4600-ден аса азаматтан өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандық ипотекалық компания арқылы сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй алу» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбын өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ түгендеу және есепке алу бөлімінің маманы Ақнұр Мақсатқызы баяндап берді.
-
Қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 17 қарашада қазақстандық вакцинаның II кезеңнің клиникалық зерттеулері аяқталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
-
ШҚО-да тағы бір ауылдың ауызсу құбырлары қайта жаңғыртылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласына қарасты Мұқыр ауылына таза ауызсу жеткізілді.
-
ПТР тестілеу құны арзандайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда ПТР тестілеу құны 22% арзандайды.
-
Футбол: Ұлттар лигасында топ бастап тұрған Қазақстан әлем чемпионатына бара ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы өз тобында көш бастап тұр. Жерлестеріміз бүгін түнде сырт алаңда Беларусь құрамасымен кездеседі.
-
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті.
-
Ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы науқастар санына байланысты емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы вирусқа шалдыққан адамдардың санына негіз бола алмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Байбек: Арқалықтың түйінді мәселелері партияның сайлауалды бағдарламасында ескеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Арқалықта болып, партияның сайлауалды бағдарламасының жобасында ескерілетін қаладағы түйінді мәселелерді талқылады.
-
6 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлемдер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен күресуге тартылған 6 006 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
-
Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешенінде пәтер өртке оранған.
-
Атырауда 9 айда 186 қылмыс ашылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы болып өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
42 500 теңгені қайтару қажет пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ТЖ режиміне байланысты табысын жоғалтқандарға төленген 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдерді қайтару қажет деген қауесет тарауда.
-
Мақтааралда жылына 6 мың тоннадан астам жіп өндіретін фабрика іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі артып келеді. Мәселен, өткен жылы өндірілген өнімнің жалпы құны 3,2 млрд теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш едәуір артып, 12,5 миллиард теңгеге жеткен.
-
Бұл бағдарлама халықты балыққа қарық қыла ма?
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. 1980 жылдары Жамбыл облысындағы су айдындарынан жыл сайын 5 мың тоннадан астам балық ауланған екен.
-
Коронавирустан 150-ге жуық адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда кеше 143 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 83 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 83 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple компаниясы жаңа iPhone 12 смартфонының топтамасын жариялады.
-
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қазан күні Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
14 қазанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қазанның 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
-
Еліміздің жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұрғындарына көмек көрсетіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында азаматтығы жоқ адамдарға және құжат алумен байланысты қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.
-
Ақтауда итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық полицейлер итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.
-
Қызылорда облысында күнбағыс майын тиеген жүк көлігі өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті.
-
Алматы қаласының ПД ерекше көзге түскен Ұлттық ұлан сарбаздарын марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен кездесу өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
"Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
-
Өзге ұлт өкілдері жатқа жыр оқыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша өзге ұлт өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясын жариялаған еді.
Наверх