Әкім: Қарағанды-Қарқаралы тас жолының сапасы жақсарады

14 Қазан 2020, 21:29
2328
Бөлісу:
Әкім: Қарағанды-Қарқаралы тас жолының сапасы жақсарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысын әкімі жеңіс Қасымбек Қарқаралы ауданында барып қайтты. Сапар барысында әлеуметтік нысандарды қайта құру және тұрғын үй салу, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстардың барысы тексерілді.

Егіндібұлақ ауылында № 43 мектеп пен мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеуді аяқтау мерзімі бойынша шағымдар баршылық. Аталған жұмыстар бір ай ішінде аяқталады. Сондай-ақ мұнда жаңа су мұнарасы салынып, айдың соңына дейін ауылдың үш көшесінде су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар ауылдан қалаға тұрақты автобус рейсінің жоқтығын айтып шағымданды. Бұл мәселе келесі аптада шешіледі. Егіндібұлақ ауылында келесі жылы жаңа Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Сонымен қатар, көшелерді жөндеуге және жарықтандыруға 250 млн теңге бөлінеді - деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жалпы алғанда, ауданда оң өзгерістер бар. 

Қарағайлы кентінде санитарлық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, мектепті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қарқаралы қаласында орталық аудандық аурухананың 27 медицина қызметкері үшін көппәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді. Бұл қалаға жаңа мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Қазір мұнда медициналық кадрларға деген қажеттілік толығымен жабылды. Жақында 320 орындық жаңа ДШСК ашылады. Сондай-ақ Үстел теннисі орталығы пайдалануға берілді - дейді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар кездесу барысында тұрғындар жастар үшін мәдени нысандардың жоқтығын және сапалы ауылдық жолдардың аздығына шағымданды.

Бұл ретте аудан әкіміне тұрғындардың тілектерін ескере отырып, тиісті жобаларды әзірлеуді тапсырдым. 2021 жылға арналған аудан бюджетінде осы нысандарға баса назар аударылады. Сондай-ақ Қарқаралы-Қарағайлы бағытындағы жолды жөндеу жұмыстарын тексердім. Қазіргі уақытта жолдың қалған 2 шақырымы жөнделуде. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Әрине, Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі республикалық жолдың сапасын әлі де жақсарту керек. Бұл ретте ауданның орасан зор туристік әлеуетін ескере отырып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен осы жолды жөндеуге қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыратын боламыз. Сондай-ақ ауданда жергілікті жолдарды жөндеуді қаржыландыру ұлғайтылатын болады - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы