Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады

14 Қазан 2020, 08:03
3128
Бөлісу:
Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple компаниясы жаңа iPhone 12 смартфонының топтамасын жариялады.
 

Жаңа iPhone 12 бағасы 799 доллардан (342 760 теңгеден), ал mini 699 доллардан 

(299 861 теңгеден) басталады.

iPhone 12 Pro бағасы 999 доллардан (428 557 теңгеден), ал 12 Pro Max 1099 доллардан (471 456 теңгеден) басталады.
 

Бағалар 2020 жылғы 14 қазандағы курс бойынша жеткізу және басқа да қосымша ақыны есепке алмай көрсетілген.

Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады

Жаңа жиынтықта адаптер мен құлаққап жоқ. Қорабында кабель бар.
 

Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады

Жаңа iPhone-да MagSafe бар. Бұл смартфонның ішінде дөңгелек магнит бар екенін білдіреді. Оның көмегімен құрылғыға қап және басқа да аксессуарларды, тіпті әмиянды да жабыстыруға болады.
 

Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады

Барлық сериясы жаңа мобильді байланыс стандары 5G-ге қосылады.
 

Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады

іPhone 12 Pro және Pro Max жылтыр, күміс, графит және көк түсте болады. 

iPhone 12 қызыл, көк, қара, ақ және жасыл түсте шықты.
 

Apple компаниясы iPhone 12-нің бағасын жариялады






 

 

Өзгелердің жаңалығы