Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

14 Қазан 2020, 20:33
1206
Бөлісу:
Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) өзінің инстаграмында келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады.

Ресми түрде! 4 желтоқсан. Магнитогорск, Ресей! Жекпе-жекке дейіндық # 6 апта. Дайындықты бастадық!, - деп жазды Хамитов.

Бұған дейін Қуат Хамитов мансабындағы ұзақ үзілістен кейін сегізбұрышқа сәтті оралып, Ахмад-Хан Боковты Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 кешінің басты кардында жеңді. 

Айта кету керек, Қуат Хамитов Fight Nights Global 98 турниріндегі жеңісін әйгілі қазақстандық балуан Жақсылық Үшкемпіровке арнады. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін «Найман» Вячеслав Дацикті айқасқа шақырды.

Өзгелердің жаңалығы