Елордадағы Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды

14 Қазан 2020, 13:28
1414
Бөлісу:
Елордадағы Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Байкен Есет Берікұлы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.


Есет Байкен еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Әр жылдары Астана қаласы әкімінің әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жылдары ол ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылығында сарапшы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылдан асады. 34 жастағы Есет Байкен әкімдік бөлімінің маманынан қалалық әкімдіктің әкім аппаратының жетекшісіне дейінгі қызмет жолынан өтті.

Өзгелердің жаңалығы