Ұлттық ұлан Тағзым эстафетасын тәмамдады

14 Қазан 2020, 14:19
3484
Бөлісу:
Ұлттық ұлан Тағзым эстафетасын тәмамдады
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі базасында Екінші дүниежүзілік соғыс Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Біз - Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасының жабылу салтанаты өтті. Эстафета атрибуты - жауынгерлік Тудың көшірмесі Алматы әскери-тарихи музейіне табысталды. 

Аталған игі іс 2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен ТМД  Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілді.

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.03.jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.59.jpeg

Тағзым эстафетасының негізгі атрибуты 1941 жылы Алматыда жасақталып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес одағының батыры, генерал-майор Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар Режицский, Қызыл Ту Ленин ордені, Суворов ордені девизиясының жауынгерлік Туының көшірмесі болды.

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.59 (1).jpeg

Эстафета биылғы ақпанда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басталған болатын. 

Салтанатты шараны ашқан ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков бүгін соғысқа қатысқан бабаларымыздың есімін мәңгілік сақтау жолында үлкен салтанатты іс-шара өтіп отырғанын айтты.

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.06 (1).jpeg

Бүгінгі іс-шараның мазмұны өте тереңде жатыр. Өздеріңіз білесіздер, соңғы кезде Ұлы жеңіске Кеңес одағы емес, өзге күштер ықпал етті деген қауесеттер тарады. Жеңіске жеткен - одақ. Оның халқы мен сарбаздары. Бұл шара мамыр айында Жеңістің 75 жылдығында аяқталуы керек еді. Алайда індеттің  салдарынан кешігіп, бүгін аяқталды, - деді Болсамбеков.
WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.17 (1).jpeg

Алматы әскери-тарихи музейінің директоры, Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова генерал-майордың немересі болудың өзі үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.05.jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.16.jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.15.jpeg

Бұл қалай ойлап, қалай өмір сүру керегіне міндеттеп, жауапкершілік артады. Осы мәселеге қатысты қауесеттердің барлығына қарамастан, Панфилов девизиясы Қазақстан өңірлерін батылдық символы ретінде аралауы мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл эстафетаны өзім қадағаладым. Пандемия шараны 7 мамырда аяқтатпады. Алайда бүгін де айтулы күн. Себебі 14 қазанда Панфилов девизиясы алғаш шайқасты бастаған болатын. 6 күн ішінде 73-полктің бір батальоні қырылып қалды. Бұл өте күрделі ұрыс болды. Жауынгерлік Ту Алматы әскери-музейіне жеткізіледі. Музейде Панфилов девизиясының залы қайта жаңғырудан кейін ашылады. Мәскеу түбіндегі шайқасқа жеке экспозиция әзірленіп жатыр. Ту да сол залдан лайық орын алады, - деді ол. 

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.16 (1).jpeg

Ұлттық ұланның баспасөз хатшысы Руслан Жангулин атап өткендей, эстафетаның мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулу. 

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.09 (1).jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.13.jpeg

Осы уақыт аралығында эстафета елдің 15 қаласында өтті. Эстафета аясында Қазақстанның барлық өңірінде ардагерлермен кездесулер, патриоттық сабақтар мен әскери-патриоттық концерттер, көрмелер ұйымдастырылды, - деді Жагулин.
WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.03 (1).jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.11 (1).jpeg

Эстафетаны тәмамдау шарасына Полиция, Төтенше жағдайлар, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, әскери бөлімдері мен бөліністері, ІІО мен ҰҰ Ардагерлері ұйымының мүшелері қатысты.

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.12.jpeg

WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.10 (1).jpeg

Айта кетейік, салтанатты шара аясында 28 панфиловшы бейнесіндегі парадтық топ салтанатты маршты паш етіп, Ұлттық ұлан әскери оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындап, концерттік шара ұсынды.


WhatsApp Image 2020-10-14 at 13.54.58.jpeg



конц.jpeg

Ұлттық ұлан Тағзым эстафетасын тәмамдады

Ұлттық ұлан Тағзым эстафетасын тәмамдады

Өзгелердің жаңалығы