Масканы шешпе! Алматы полициясы түсіндіру жұмыстарын күшейтті

14 Қазан 2020, 14:00
1387
Бөлісу:
Масканы шешпе! Алматы полициясы түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының полиция қызметкерлері арнайы мониторинг топ құрамында жүріп, карантиндік стандарттардың сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

Біріншіден, біз бетперде режимін сақтау туралы айтып отырмыз, ол бүгінде азаматтарды жеке қорғаудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер карантинді сақтауды мүлдем тоқтатқан: олар медициналық бетперделерлі шешіп, қонаққа барып жүр, қолдарын және үйлерін антисептикпен тазалауды ұмытып кеткен. Ал бұл коронавирустық инфекцияның таралуына әсер ететін тікелей факторлар, бұл инфекцияның қолайлы ортасы. Осыған байланысты азаматтардың жаппай демалу орындарында және қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері, СЭС және аудан әкімдіктерінен құрылған ондаған мобильді топ  өз жұмыстарын жалғастыруда, - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
полиция1.jpeg

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі. Әркім қауіптің әлі өтпегенін және қорғаныс құралы инфекцияның таралуын барынша азайтуға көмектесетінін түсінуі маңызды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарына бағытталған. Қандай да бір себептермен бетперде режимін сақтамайтын азаматтар үшін инспекторлар медициналық бетперде кию керектігін еске салып, оны ұсынады. Мұндай жұмыс барлық жерде жүргізіледі, - деп түйіндеді полиция полковнигі.

Өзгелердің жаңалығы