Мәжіліс қарыздық еңбекті реттеу бойынша заң жобасын қабылдады

14 Қазан 2020, 11:53
1692
Бөлісу:
Мәжіліс қарыздық еңбекті реттеу бойынша заң жобасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы мақұлданды.

Заң жобасын Парламент депутаттары заң жобасы қарыздық еңбек саласын құқықтық реттеудің болмауына байланысты азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабымен кепілдік берілген құқықтарын бұзушылықты жою және алдын алу мақсатында әзірлеген.

Заң жобасының нормалары қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан олардың еңбек үшін сыйақы алу құқығы сақталуын, еңбек жағдайларын қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған, - дейді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Құжат қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан олардың еңбек үшін сыйақы алу құқығы сақталуын, еңбек жағдайларын қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

Қай кезеңде де еңбек мәселесі өте маңызды. Сондықтан бұл саланы әрқашанда заң деңгейінде қорғау үшін дер кезінде нақты қадамдар жасалып келеді. Соның бірі бүгінгі біз мақұлдаған заң жобасы. Осы құжатта қарыздық еңбекті реттеу деген нормалар енгізілді. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік жағдайын сақтау жолында тағы бір жаңа мүмкіндік деуге болады, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Өзгелердің жаңалығы