Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады

14 Қазан 2020, 07:44
1613
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қазан күні Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14 қазан күні Шымкент, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы